image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

Мектеп алдындағы практика

Мектеп маңында  8 «А» сынып оқушылары өз ұрандарымен «Мектеп алаңының гүлденуі – Ауылымның гүлденуі. Ауылымның гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» деп өз жұмыстарын атқарды.

Қазіргі таңда ауасын жұтып, суын ішіп отырған Табиғат Ананы қорғап, аялау – барша жұрт үшін тіршілік қамы, табиғат қажеттілігі. Экологиялық тәрбиенің мақсат-міндеті де жас ұрпақты өзі мекен еткен табиғи ортаның әсемдігін сезінуге, тазалығын сақтауға, қоршаған ортаға мейірімділікпен, жанашырылықпен қамқор болуға, мектеп ауласын және сынып бөлмелерін көгалдандыру арқылы өсімдік әлеміне жауапкершілігін, қызығушылығын арттырып, айналамызды гүлдендіру, таза ұстау болып табылады.

Жасыл желектерді қопсытып, суарып, зиянкестертен қорғау жолдарын қолданып жатыр. Жас отырғызылған ағаштарды алдағы уақытта тез жетілуіне  көмек беруде.

Қазіргі уақытта мектеп жанында гүлдің әр түрі отырғызылып, безендіру жұмыстары жалғасуда.

Мектеп  ауласын көгалдандыру бүгінгі күні өзекті мәселелердің бірі. Қазіргі кезде мектеп ауласына егілген ағаштар мен бұтақтар оқушыларға қызмет жасауы тиіс. Аулаға отырғызылған бір ағаштың қоршаған ортаға маңыздылығы зор.

 Мектеп алды алаңында  кесте бойынша әр сыныпқа бөлінген 10 күн аралығындағы осы отырғызылған гүлдерді суарып күту үшін  оқушылар жұмыс атқаруда.

 

 

Сынып жетекшісі: Калеева Г.В.