Мектеп президенті лауазымына байланысты сайлау
Красноармейка орта жалпы білім беру мектебінде президент сайлау сайысы өтті. Бұл сайлауға 7-11 сыныптар өздерінің сыныптарынан бір өкілді таңдап, сайысқа қатысты. 4 желтоқсаннан бастап әр үміткер өзінің жоспарларымен бөлісіп, үгіттеу жұмыстарын жүргізді. Міне, көптен күткен күнде келіп жетті желтоқсан айының 11 жұлдызында Мектеп президенті лауазымына байланысты сайлау өтті. Бұл сайлауда 9А сынып оқушысы Темиргалиев Қуаныш басым дауыс жинап, жеңіске жетті. Сайыс барысында ең бірінші және 50 болып болып дауыс берген оқушыларға сыйлық берілді. «Мектеп болашағы бізідің қолымызда! Ендеше мектебіміздің көркейуіне бірге ат салысайық» дей келе Қуанышты жеңісімен құттықтап, оған жұмысының жемесіті де өнімді болуын тілейік.