«МЕКТЕП-ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОНСЫЗ»
«МЕКТЕП-ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОНСЫЗ»,міне осындай атаумен мектебімізде акция басталып кетті. Бұл акцияның мақсаты,оқушылардың бір сәт болсын ұялы телефонға деген тәуелділіктерін жою.
Телефонсыз өмір сүре алмайтын жағдайға жеткеніміз өтірік емес. Ұялы телефонның пайдасы да бар, зияны да бар. Бірақ пайдалы жағы басымырақ. Телефонның көмегімен көп нәрсеге қол жеткізуге болады.Әйткенмен де,ұялы телефон денсаулыққа зиян. Мұны жер жүзіндегі дәрігерлер қауымының дабыл қағып отырғанын білеміз. Ұялы телефон әсіресе дамып келе жатырған жасөспірімдер денсаулығына аса қауіпті.
Ресейлік ғалымдар ұялы телефоннан бөлінетін электромагниттік толқындардың көз жанарына кері әсер ететінін анықтап отыр. Ғалымдардың жүргізген зерттеулері нәтижесінде сынақтан өткен тышқандардың барлығы дерлік көз жанарынан айырылған. Сондай-ақ, зерттеу барысында сынақтан өткен хайуандардың иммундық жүйесі әлсіреп, бұзылғаны анықталды.
Халықаралық Денсаулық сақтау ұйымы жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде ғалымдар телефонмен көп сөйлесетін жандарда бас ауруы, ұйқышылдық, ашушаңдық белгілері кездесетінін анықтаған. Ұялы байланыс құралымен сөйлесу ұзақтығын 3 минуттан артық қолдану өте зиян. Құлақ тыңдағыш арқылы 70%-дай азаяды. Зиян тигізілетін уақыт сигналды қабылдағаннан кейінгі 20-30 секунд. Одан ары зиян күші күрт азаяды.
Әрбір ұялы телефонға тәуелді адамдарға ұсынылатын кеңестер:
1. Ұялы телефонды қажеттілікке қарай пайдалану керек.
2. Үйде болсаңыз, ұялы телефонды пайдаланбай, үй телефонымен сөйлескеніңіз дұрыс.
3. SAR бойынша ұялы телефон үлгісін таңдаған дұрыс.
4. Жасөспірімдер мен балаларға ұялы телефон пайдалану мәдениетін үйреткен жөн.
5. 12 жасқа дейін ұялы телефонды пайдалануға тыйым салу қажет.
6. Ұялы телефонмен қысқа сөйлесуге үйрену керек.
7. Ұялы телефонмен сөйлескенде құлақты алмастырып, 8 түрінде ұстаған дұрыс.
8. Сөйлесуді SMS қызметіне алмастыруға тырысқан жөн.
-
Динамик арқылы дауыстық байланысқа ұмтылған дұрыс.
10. Сөйлесу уақытын 3 минуттан арттырмауға тырысқан жөн.
11. Екі сөйлесу арасындағы үзіліс уақыты 15 минуттан кем болмауы тиіс.
12. Найзағай ойнауы, күн күркіреуі кезінде ұялы телефонды пайдаланбау керек.
13. Автомобильде, желіні антеннна ұстамайтын орындарда қолданбаған дұрыс.