image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

«Мемлекеттік рәміздер-халықтың рухани бағдары»

4 маусым елімізде айтулы мерекеміз  –   Республикалық «Рәміздер күні».

Осы мерекеге орай 3  маусым күні мектебіміздің жас маманы Сапаргалиев Расул Мырзахметович мемлекет рәміздері күніне арналған жоғарғы сынып оқушыларымен мұғалімдер арасында «Мемлекеттік рәміздер-халықтың рухани бағдары» атты дөңгелек үстел өткізді.

Бұл дөңгелек үстелдің мақсаты:оқушылардың  Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту; Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту; Оқушыларды Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, еліне,халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұраның  қастерлеп, құрметтеуге,  халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

Оқушыларға әр түрлі бағытта сұрақтар қойылды. Оқушылар өз ойларын білдіре отырып, болашақтағы өз елінің алдындағы борыштарын ақтайтындарын жеткізді. Мұғалімдер өз тараптарынан осы мерекемен құттықтап, болашақтарына бағыт-бағдар берді.

Жас мамандардың осындай іс-шаралары әрі қарай жалғасын тауып, жұмыстары жемісті бола берсін!

Осындай патриоттық тақырыптарда өтіп тұратын іс-шаралар бала тәрбиесіне үлкен көмегін тигізетініне сенімдімін.