image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

Мемлекеттік тіл — қазақ тілі

Қазақ халқы ұлт болып қалыптасқаннан бері қазақ тілі өмір сүріп келеді. Тілдің иесі – кешегі қазақ, бүгінгі қазақ және болашақтағы қазақ. Тілдің ғұмыры уақыт тәрізді мәңгілік. Тіл – халықтың мәңгілік халық болып қалуының айғағы.

Ана тілі – халықтың өткен ұрпағын, қазіргі және келешек ұрпағын тарихи бір тұтастық, мызғымас бірлік, ажырамас туыстық, жағдайда мәңгілік біріктіретін сенімді құрал. Ана тіліміз арқылы ғана біз халқымызды, Отанымызды танып білеміз, халық рухының сарқылмас бастауы да сонда жатыр. Ел-жұртымызды, туған жерімізді оның өзен-көлдерін,оның бораны мен нажағайын ана тіліміз арқылы ғана қабылдап, соларға деген перзенттік махаббатымызды ана тіліміз арқылы жеткіземіз»- деп педагог К.Д.Ушинский айтқандай тіліміз еліміздің тірегі мен жүрегі. Мемлекеттік тілді өркендетсек өзге ұлт адамдарымен осы тіл арқылы қарым – қатынаста боламыз…Қазақстан — әлемдегі ең мықты, бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену үшін қазақ тілін жоғары мәртебеде ұстауы керек.

Баяхметова А. Б.