« Мен оффлайн»
Красноармейка орта жалпы білім беру мектебінде « Мен оффлайн» атты эссе жарысы 9-11 сыныптар арасында болып өтті. Оқушылар интернеттің пайдасы мен зияны туралы баяндады. Қазір интернеттен өзіңе керектінің бәрін таба аласын. Тіпті, интернетте отырып-ақ өзіне керектіні сатып алуыңа болады (киім, тамақ,әшекей-бұйымдар т.б.). Әрине, бұл өзіңе пайдалы. Ал қазіргі жастар күні-түні сол монитордың алдында отыруға бар. Ол бір жағынан денсаулыққа әсер етеді, ал бір жағынан санаға әсер етеді. Кейбіреулер айтып жатады интернетке отырсаң бәрін білесің, бәрінен хабардар болып отырасың деп, ол да дұрыс бірақ ол адамның өзіне байланысты. Қазір интернетте дені дұрыс ойында жоқ, кілең атыс-шабыс. Міне, осының бәрі бала санасына әсер етеді.Компьютер мониторының кескіндері адам көзінің көру өткірлігін нашарлатады.Әрине, мұны барлығыда біледі. Сонымен қатар тапжылмастан компьютер алдында отырғанда бұлшық еттерді қажытады жәнеде омыртқаға зиян болады. Міне. мұның бәрі адам өміріне қауіпті әрі зиян. Мен компьютер алдында отырмасын деп айтпаймын тек 2-4 сағаттай керегіне жаратса, қалған уақытын пайдалы істермен өткізсе деген ұсыныстар көп болды эссе жазған балаларда.
Уахыт Райхангуль