Мұражайға саяхат
Көктемгі демалыс кезінде 2 және 3-қазақ сыныптары наурыздың 29-ы күні Г.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайына және облыстық балалар кітапханасына барды. Саяхат барысында балалар өздеріне көптеген қызықты ақпарат алды. Мұражайда түрлі экспонаттарды көріп, ежелгі мамонт пен бұғылардың қаңқасын тамашалап,қазақ халқының бұрыңғы әшекей бұйымдарымен және қару-жарақтың түрлерімен танысты.Ал кітапханада әр түрлі жанрдағы кітаптарды көрді. Кітапхана заманауи жабдықталған,балаларға саяхаттары өте ұнады.
Дарошева Ж.Н.