«Мәнерлеп оқу»
Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана...
Елбасы жолдауынан
Болашаққа бағдар. Рухани жаңғыру жолдамасы аясында еліміздің түкпір түкпірінде ауқымды іс-шаралар кеңінен аталып өтілуде.Мектебіміздің қабырғасында да аталмыш бағдарлама аясында небір игі жұмыстар жалғасын табуда.Соның бірі ,бастауыш 2-4 қазақ сыныптары арасында өткен«Мәнерлеп оқу» сайысы . Кітапхана ішін 17оқушы ұлы ақын-жазушылардың өлеңдерін жатқа мәнерлеп айтып,өнерлерімен сайысты қыздырды. Бірінен бірі асып,өздерінің мәнерлеп оқи алатындықтарын шеберлікпен шыңдады.Ерекше оқығандар көзге түсті.
А.А.Мухаметалина