image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

« Мәңгі ұмытылмас мектеппен қоштасу кеші»

Мәдениет залы ығы-жығы адамдарға толы, қобалжыған ата-аналар, жүректері толқыған ұстаздар, сахна маңында ерекше сұлу болып көзге көрінген мектеп түлектері. Жүректері лүпілдеп соғып тұрған, бақтың құлпырған алуан түрлі гүліндей жайнаған түлектерге ауыл әкімі А.Ш. Закирьянов пен ауданның білім бөлімі басшысының орынбасары Қайырбек Шырын  Кайырбекқызы құттықтау сөздерін арнады. Мектеп директоры  Т.С.Баизбаева биыл орта мектепті аяқтағалы тұрған 11 түлектеріне алдағы өмірлеріне ақ жол тілей отырып, биылғы жылы мектеп түлектері ерекше жетістіктерімен соңғы мəреге келіп отырғанын атап өтті. Ал, ата-аналар мен арнайы шақыртылған  қонақтар өмірдің жаңа белесіне қадам басқан жастарға ізгі тілектерін айтты. Кеш  соңы  мектебіміздің  түлектері қосылып салған әсем ән  мен биге ұласты. Қоштасу кеші ата-аналардың түлектерге арнап жасаған дастархан мәзірімен жалғасын тапты. Расында да түлектер үшін де, ұстаздар үшін де, ата-аналар  мен келген қонақтар үшін бұл кеш қайталанбас, мәңгілік есте қаларлықтай болып өткен түлектердің  қызықты кеші болды. Алтын ұя мектебін бітіріп, бала шақтан болашаққа қанат қаққалы тұрған жас түлектер үшін ең қымбат, ең бір қимас, ең бір ұмытылмас күн! Сәт сапар саған, жас түлек! Алдағы үлкен сын ҰБТ-да тек жоғары балл алуларына  жазсын!

М. Ж. Нургалиева