Облыстық семинар «Ұлттық құндылықтарды ұлықтайық»
Облыстық семинар «Ұлттық құндылықтарды ұлықтайық». 14 наурыз күні Павлодар ауданына қарасты «Кемеңгер жалпы орта білім беру мектебінің» КММ базасында ұлттық құндылықтарға арналған облыстық семинар өтті. Іс-шараға Шарбақты, Тереңкөл, Май, Павлодар аудандарының мұғалімдері, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, психологтар және вожатыйлар, сондай-ақ Жетекші ауылының өкілдері қатысты.
Құрметті қонақтар қатарында: Жунусова Алия Рахметжановна – «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының аға оқытушы; Баймурзинова Алема Исабековна– білім беру бөлімінің тәрбие жұмысы жөніндегі әдіскері; Дрибас Нина Ивановна – Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің әдіскері болды.
Семинардың мақсаты- қазақ халқының ұлттық құндылықтарын насихаттау, жастардың бойында патриотизмді қалыптастыру, дәстүрлерді сақтау және дамыту. Семинар қатысушылары көптеген пайдалы ақпарат алып, оны өздерінің кәсіби қызметінде қолдана алады. Әріптестер ұйымдастыру деңгейінің жоғары екенін атап өтіп, кері байланыс беріп, мазмұнды және өнімді бағдарлама үшін алғыс білдірді. Семинар барысында әрбір қатысушы өзін жайлы сезінетін жылы атмосфера құрылды. Қатысушылар жаңа білім, шабыт және ұмытылмас әсерлермен оралды.
Іс-шараның соңында талантты оқушылардың өнер көрсетуімен мерекелік концерт өтті. Семинардың жарқын финалы Кемеңгер жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімдері орындаған хор шығармасы болды, ол қатысушыларға бірлік пен шабыт сыйлады.