Онкүндіктер жаңалығы.
Мектебімізде қарашаның 26-нан бастап қоғамдық-гуманитарлық әдістемелік бірлестігінің онкүндігі басталды. Тұңғыш Президент күнімен тұспа-тұс келген онкүндіктің жоспары тақырыптық іс-шараларға толы болды. Алғашқы күндерден ақ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Акпарова Замзагүл Байтұрғановна мен Байсадыкова Мадина Базарбековна 4б сыныбында «Сүйікті жемісім алма», «Сүйікті көкөнісім картоп» тақырыптарына, Сембина Гүлдана Сүйіндікқызы 2б сыныбында «Сөмкеме саламын» тақырыбына, ағылшын тілі мұғалімі Баизбаева Гүлсім Амангельдиновна 9а сыныбында «Егер мен миллионер болсам» атты сабақтар өткізді. «Сөз көркі – мақал» демекші екі 5 орыс сыныбының оқушыларын мақал сайысында жарысқа түсірген пән мұғалімдері Акпарова Замзагүл Байтұрғановна мен Байсадыкова Мадина Базарбековна. Онкүндік желтоқсанның 7-не дейін жалғасын табады.