Орыс сыныптарындағы қазақ тілі
Кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған кішкентай балаларымыз міне бой түзетіп ширап қалды. Əріп пен сандарды жаңа танып, білім шынын бағындыра бастаған ұл- қыздарымыз қазіргі кезде білім теңізінде еркін жүзде. Соның дəлелі ретінде 1 орыс қазақ сыныптарында өткен қазақ тілі жəне математика сабақтарындағы көріністер. Балалар есептерді түрлі тəсілдермен шығарып, өздеріне тиімді тəсілдермен таңдай алды. Орыс сыныптарындағы қазақ тілі сабағында балалар көкөніс, жеміс атауларын еркін атап, салат жасап соның құрамын еркін атай алды. Сабақтар өте көңілді өтіп, балалардың көңілінен шықты.
Сембина Гульдана Суюндыковна