«Отбасы-бақыт мекені»
ҚР Президенті Жарлығымен отбасы күні мерекесі қыркүйек айының екінші жексенбісінде тойланатын болды. Оның мақсаты – жанұялық құндылықтарды нығайту. Осы мереке аясында Красноармейка жалпы орта білім беретін мектебінде бірқатар мектепшілік іс-шаралар өтті.
Отбасы күнін мерекелеу аясында 1 сыныптардың ата-аналарымен кездесу өткізілді. Бұл кездесудің негізгі мақсаты –ата-аналардың бір-бірімен танысуы, сыныптағы ортақ іс-шараларды талқылап, бір-бірімен жақсы қарым-қатынас орнату.
2 сыныптар «Отбасы –бақыт мекені» атты отбасылық шығармашылық фестиваль өткізді.Бұл фестивальге ата-аналар шақырылып, әр түрлі шығармашылық тапсырмалар орындалып, жеңімпаздары анықталды.
3 сыныптарда «Мен отбасымды құрмет тұтамын!» ата-аналардың қатысуымен сынып сағаттары өтті.Бұл сынып сағаттарында ата-анаға деген құрмет, ата-ананы сыйлау, ата-ананың орны жайлы баяндалып, қосымша презентациялар көрсетілді.
4 сыныптарда «Әкем,анам және мен!» тақырыбында көңілді старт сайысы өткізілді. Бұл спорт сайыстарының мақсаты- салауатты өмір салтын насихаттау, ата-анамен бала арасын жақындату.
5 сыныптар арасында «Ата-ананы құрметтеу –әрбір адамның қасиетті борышы» атты шығарма сайысы өтті.
6 сыныптарда балалармен, жасөспірімдермен және ата-аналармен құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
7-8 сыныптарда «Менің отбасым», «Ата-ананы құрметтеу-әрбір адамның қасиетті борышы» тақырыптарында сынып сағаттары өтіп, жанұяның адам өміріндегі орны жайлы әңгімеленді.
9-11 сыныптар арасында «Отбасы –бақыт мекені» тақырыбында ата-аналармена сынып сағаттары өтті.
Сонымен қатар,бастауыш сыныптар арасында «Менің отбасым» тақырыбында сурет сайыстары өтсе, 5-7 сыныптар арасында «Мен отбасымды мақтан тұтамын!» тақырыбында фото сайыс өтті.Барлық сайыстардың жеңімпаздары мадақтамалармен мараппатталды.
Директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары: Бейсекеева А.А.