image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

Ою-өрнектер сыры

Қазақтың осы күнгі ою-өрнектерін  шеберлеріміз екіге бөліп қарайды. Біріншісі, қазақ халқының өзіне тән ертеден келе жатқан ұлттық оюлары. Екіншісі, басқа халықтардан ауысқан және интернацоиналды ою-өрнектер. Ертедегі қазақ оюларын мазмұн жағынан іріктесек, негізінен үш түрлі ұғымды бейнелейді. Олар біріншіден мал өсіру мен аңшылықты, екіншіден жер-су, көшіп-қону көріністерін, үшіншіден күнделікті өмірде кездесетін әртүрлі заттардың сыртқы бейнесін береді. Қазақтың ұлттық ою-өрнегіндегі бір ерекшелік – осы түрлі ұғымның қайсысын бейнелегенде де, ұлттық ою-өрнектің негізі болған мүйіз оюы үнемі араласып отырады.

Қазіргі кезде ою-өрнек атаулары мағынасына қарай мынадай топтарға жіктелген:

  1. Ай-күн, жұлдыздарға – көк әлеміне байланысты ою-өрнектер;
  2. Малға, малдың денесіне, ізіне байланысты ою-өрнектер;
  3. Аңға, аңның денесіне, ізіне байланысты ою-өрнектер;
  4. Құрт-құмырсқаларға байланысты ою-өрнектер;
  5. Құстарға байланысты ою-өрнектер;
  6. Жер, су, өсімдік гүл, топырақ, жапырақ бейнелі ою-өрнектер;
  7. Қару-құралдарға байланысты ою-өрнектер;
  8. Геометриялық фигуралар тектес ою-өрнектер.

Аталмыш тақырып бойынша 3 сыныпта «Өнер» тарауында оқушылар ою-өрнектердің түрлерін өтіп, танысты.Олардың шығу тарихын,қолданысын, мағынасын  өздері іздеп тауып, бір-біріне  сұрақ қоя отырып сабақты бекітті.Бұндай қызығушылық  оқушылардың функционалдық сауаттылығын жетілдіруде көп пайдасын тигізеді.

Ардақ Мухаметалина

Бастауыш сынып мұғалімі

Кемеңгер ауылы.