Оқушылардың сенбілік күндері ерекше мәнді өтті
Красноармейка орта жалпы білім беру мектебінің 7-8-қазақ сынып оқушылары тәрбие сағаттарының жоспары негізінде 1. Латын әліпбиіне көшу — ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады, түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, қазақ халқы ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруынаың жолын түсіндіру мақсатында сынып оқушылары арасында латын әліпбиін қолдана отырып, диктант алдық.2. Қуаныш Имантайұлы Сәтбаевтың өмірі мен еңбек жолы туралы деректі фильм көріп, топпен біртуар академик ,геолог, ғалым туралы кластер құрып қорғады. Іс-шараның басты мақсаты – бірегей тұлғаның өмірі мен еңбегін өскелең ұрпаққа үлгі ету. Саналы ғұмырын ғылымға арнаған Қаныш Сәтбаев тек қана қазақ елінің емес, бүкіл ТМД мемлекеттерінің ғылымына еңбегі сіңдіргені туралы мәлімет берілді.3. «Ең үздік робот» атты сайыс роботтық техника жетекшісі Е.М.Хазидулланың ұйымдастыруымен екі сынып оқушылары белсенді қатысты.
М.Ж. Нургалиева