Павлодар ауданынының 90-жылдығының аясында «Жақсының жақсылығын айт, Нұры тасысын.» кездесу кеші
Красноармейка орта жалпы білім беру мектебімізде 6 және 8 сыныптар арасында
Павлодар ауданынының 90-жылдығының аясында «Жақсының жақсылығын айт, Нұры тасысын.» кездесу кеші өткізілді.
Аулымыздың қамқоршысы, беделді азаматшасы – София Еркінқызымен танысып, оның халыққа жасап жатқан қамқорлығы, ауылымызға қосып жатқан қомақты үлестері мен демеушілік қызметі жайында таныстырылды. Кездесу кешіне келген С.Еркінқызы өзінің дүкенінен 32 түрлі тағам түрінен көрме ұйымдастырып, соңынан сол тәтті дәмдерін барлық балаларға үлестірді.
Бүгінгі құрметті қонағымыздың бойынан адамгершілік, қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, аяушылық, қамқорлық, рақымшыл, бауырмалдық, кішіпейілдік, жылы жүрегі бар осындай жақсы қасиеттері табыла білген С.Еркінқызының отбасы жайында және сан қилы еңбек жолындағы кездескен қиындықтары болған қуанышты кезеңдері туралы әңгімелеп берді.
Әлемдегі барлық адамдар тек қана жақсылық туралы ойлап, жақсылық жасауға ұмтылатын болса, онда әлемде тыныштық, ынтымақ орнайды, адамдар бақытты өмір сүреді.
Дастархан мәзірі жасалып, оқушылардың күмбірлеген күйлері мен асқақтаған әндері кездесу кешінің соңында сәнін келтіріп, үлкен әсерін қалдырды.
Өткізгендер: М.Ж. Нургалиева
Г.В.Калеева