image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

Ресурстық орталық

Қазан айының 8 және 9 күндері аралығында Ресурстық орталықтан Красноармейка жалпы орта білім беру мектебінде Заңғар орта білім беру мектебі мен Маралды орта білім беру мектептерімен жаратылыстану – математика бағытында 9-10 сынып оқушылары білімдерін алмасты. Мектеп аралық тәжірибе алмасу кезінде Заңғар орта мектебімен Маралды орта мектеп оқытушылары келіп оқушыларға сабақ берді. Ресурстық орталықтың ұйымдастыруымен жүргізіліп отырған бұл тәжірибе алмасудың негізгі мақсаты білім сапасы, ұстаздың, педагогикалық іс — әрекеттің, оқушылардың сапасын жақсарту еді. Бұл ретте білім беру сапасын басқарудың оқу үрдісінің негізі бақылау, талдау, бағалау, бағдарлау және нәтижелердің динамикалық үрдістерін салыстыру болып табылды. Осы үрдістің нәтижесінде оқушылардың өзара білімдерін нығайтуға, алмасуға және де білімдерімен таласқа түсе алуыңа мүмкіндік берілді, мектептен тыс бір-бірімен достасуға жол ашылды.

Уахыт Р.