image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында білім беруде жаңа модельге тәрбиелеу мазмұнын қайта бағдарлау.

2019 жылдың 09 қаңтары күні «Павлодар ауданының Красноармейка орта жалпы білім беру мектебі» ММ «Рухани жаңғыру» бағдарламасын оның ішінде «Тәрбие және білім» бағдарламасын жүзеге асыру аясында білім беруде жаңа модельге тәрбиелеу мазмұнын қайта бағдарлау» тақырыбы бойынша ашық педагогикалық кеңес өтті.

Педагогикалық кеңеске қатысушылар: «Павлодар облысы білім басқармасы» ММ білім мониторингін бақылау бөлімінің бас маманы Абенова А.Е. Павлодар облысының білім беруді дамыту инновациялық орталығының әдіскері Аушахманова Б.Т., педагогикалық шеберлікті арттыру орталығының тренері Ныгметова Б.Д., «Павлодар ауданының білім беру бөлімі» ММ әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Кауметова М.А., «Павлодар ауданының Шақат орта жалпы білім беру мектебі»ММ директоры Искакова А.К.

Педагогикалық кеңестің күн тәртібінде келесі сұрақтар қаралды:

  1. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және кіші бағдарлама «Тәрбие және білім» бағдарламасын жүзеге асыру. (директордың тәрбие жұмысының орынбасары Д.Мырзабекова)
  2. 1-4 сыныптарды тәрбиелеу сапасының қанағаттандырылу деңгейі.(бастауыш сынып мұғалімдері, мектеп тренерлері К.Орунбасарова, Т.Ткачева).
  3. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және кіші бағдарлама «Тәрбие және білім» бағдарламасын жүзеге асыру аясында мектеп оқушыларын тәрбиелеу жүйесіндегі сынып жетекшісінің рөлі. (тарих пәнінің мұғалімі, мектеп тренері,М.Карашашев, бастауыш сынып мұғалімі, мектеп тренері А.Мухаметалина)

Аталған іс-шараның мақсаты: ата-аналар мен оқушыларды, мұғалімдерді бағдарламаны жүзеге асыруға септігін тигізуге бағыттау.

Педагогикалық кеңес tedx форматында өтті. Әрбір тренер өзінің тәжірибесін ортаға сала отырып тақырыптың мәні мен мағынасын аша білді.

Педагогикалық кеңес кезінде мұғалімдер «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және кіші бағдарлама «Тәрбие және білім» , «Өлкетану», «Отаным-тағдырым», «Саналы азамат», «Кітап-білім бұлағы» бағдарламаларының негізгі сұрақтарын талқылаумен болды.

Педагогтар шығармашылық жағынан топтарға бөлініп жұмыс істеп, тәжірибелерімен, ойларымен бөлісті. Жұмыс соңыңда мұғалімдер «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру үшін қандай бағытта жұмыс жасайтындарын анықтады.

Педагогикалық кеңес «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы мәресіне жетті. Педагогикалық кеңес қатысушылары мен келген қонақтар өз ойларымен бөлісті, ұсыныстарын қалдырды.

Ерекше алғыс тарих пәнінің мұғалімі М.Карашашевқа айтылды, ол өз баяндамасында сынып жетекшілердің оқушылар өміріндегі рөлін ерекше көрсетіп өтті. Сондай-ақ, 2018 жылғы республикалық авторлық бағдарламалар конкурсының жеңімпазы бастауыш сынып мұғалімі А.Мухаметалинаның баяндамасы аталып өтті. Ол «Ертіс өңірінің компоненттері» атты бағдарламасын ұсынды.

Педагогикалық кеңесте барлығы 50 мұғалім қатысты.

 

Педагогикалық кеңесте қаулы етілді:

  1. «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстары жалғастырылсын.
  2. Мектеп дәстүрін сақтай отырып, аталған бағыттарда әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, тәжірибелерді қолдана отырып жұмыстар жүргізілсін.
  3. Оқушыларды қайта бағдарлау, профессионалды тұрғыдан өзін-өзі анықтауда қолдау үшін жасалсын.

Педагогикалық кеңес аяқталған соң, ұйымдастырушылар келген қонақтар мен педагогикалық кеңес қатысушыларын «Қазақтың жүз әні» атты бағдарлама аясында өткізілген «Сағындарған әндер-ай» атты концертке шақырды.  Сахнада үш ұрпақтан құралған бәр отбасы, яғни, әжесі, анасы, баласы болып ән салды. Әндер ұлттық қазына қорынан алынды. Келесі әндер орындалды: «Мама», «Тақиялы періште» к/ф алынған (Дюсеновтар отбасы), «Қайықта» (Садыковтар отбасы), «Айналайын» («Жұлдыздар» триосы), «Попурри» («Таланттар» триосы).