Сынып жетекшісі болу — мақтаныш
Сынып жетекшісі – бұл жақсы , оқушыға үлгі , балаларға дос болу, оларды түсіну, қолдау, олармен бірге болу, оларды дұрыс шешім қабылдауға бағыттау, әлемге баланың көзімен қарау. Сынып жетекшісі болу өте қиын, себебі жеңістерден қуаныш алып, жеңіліске қарсы тұра білу керек, оқушылармен достасу керек. Мектеп оқушыларын достастырып, топ құру керек.
Сынып жетекшісі –саналы тәрбие , аз сөзге көп мағына сыйғызып түсіндіру арқылы өзін-өзі тәрбиелеуге, жіберген қателерін түзетіп үйретуге қажет. Әр жетекші бойындағы қабілет, дарынын уақытында байқап, пән мұғалімдерімен , ата-аналармен тығыз байланыс жасайды.
Дұрыс тәрбие – балаға өмір бойы азық. Сол дұрыс тәрбиені ұйымдастыратын басты тұлға – сынып жетекшісі. Сыныптағы оқушылардың не нәрсеге бейімділігін аңықтау, оларды белсеңді , саналы ұжымға ұйымдастырады. Сынып жетекшісі оқушыларды тәрбиелеп сыныптан және мектептен тыс әр алуан тәрбие жұмыстарын ұйымдастырады. Оқушылармен бірге әр түрлі мектептің іс- шараларына қатысып, жеңістеріне олармен бірге қуанып жүру немесе жеңіліске қарсы тұру.
Жумажан З. К.