image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

«Тапқыр достар» атты сыныптан тыс іс-шара

Красноармейка орта жалпы білім беру мектебінің 2 «А» сынып оқушыларымен көктемгі демалыс кезінде  «Тапқыр достар» атты сыныптан тыс іс-шара өткізілді.

Мақсаты: Оқушылардың қазақ тілі пәнінен алған білімдерін анықтау еді. Оқушылар үш топқа бөлініп, өзара сыңға түскен болатын.Бұл жарыс 5 кезеңнен тұрды.

1-кезең –Көшбасшылар сайысы «Кім көп біледі?»

Бұл кезеңде әр топтың көшбасшысына 10 сұрақ қойылып, сұраққа  иә немесе жоқ деп жауап беру керек.

2-кезең – «Тіл өнері»

Бұл кезеңде әр топқа 2 мақал беріліп, сол мақалдағы тиісті сөзді тауып, оның орысшасын және ағылшыншасын табу керек болды.

3-кезең — «Сұрақ бізден, жауап сізден…»

Бұл кезеңде әр топ бір әріпті таңдау керек. Қойылған сұраққа тек сол әріптен басталатын сөзбен ғана жауап беру керек.

4-кезең –«Кім жылдам?»

Бұл кезеңде үш топқа «Қайырымды» сөзі беріледі. Үш топ белгіленген уақыт ішінде берілген сөзден мағыналы сөздер құрастыру керек.

5-кезең – «Кім тапқыр?»

Бұл кезеңде бір буын айтылады, сол буыннан басталатын сөздерді кезектесіп айту керек. Айта алмай қалған топ ойыннан шығып отырды. Ен соңында ақтық мәреге «Ойшылдар» тобы жетіп, жеңімпаз атанды.