image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

Тестілеуге дайындалсаң, нәтижеге жетесің.

Қазіргі уақытта мектеп оқушылары ОЖСБ-ға және ҰБТ-ге дайындалып жүр.Ал енді тестілеуден сынақ өткізгенде кейбір оқушылар сасқалақтап білгендерін ұмытып қалады. Мұнда тұрған ешқандай қиындық жоқ, егер өзің жүйелі түрде дайындалып, мұғалімнің айтқан барлық ұсыныстарын қолданып, орындасаң. Онда ешқандай әбігерге түспейсің.

Жас талапкерлерге айтарым – еш күйзелмеңдер, сабырмен дос болыңдар! Еш қорықпай, қаймықпай, сабақтарыңды ынтамен оқып, өздерің тапсыратын  пәнді індете қараңдар. Жылда тест сұрақтары жаңартылып, аздап қиындатылатыны болмаса, басқа айтарлықтай ауырлығы жоқ.

ҰБТ-ға, ОЖСБ-ға дайындық кезінде жинаған азды-көпті тәжірибемнен сіздерге айтарым мынау:

  1. Біреулер 5-11 сынып аралығындағы кітаптардың бәрін алып оқиды, ал кейбіреулер тесттен бас алмайды. Менің ойымша, осы әдістердің біріне ғана қатып қалып, ұстанып жүре берудің қажеті жоқ. Адам жан-жақты болуы шарт. Кітаптардың бәрін оқи берсе, ештеңе басқа кірмейді. Мәселен, бір кітаптың 4-5 тақырыбын оқып алып, сосын соған орайласатын тест сұрақтарына жауап берсе, қонымды әрі нәтижелі болады.
  2. Сынақ тесттерді толтырғанда, ешкімнен көмек сұрамай, өзің істеуге тырыс. Кейде тестке беріліп жазып отырғанымда,  достарым қайта-қайта ойымды бөліп, сұрай беретін. Сол кезде ренжімей, қайта көмегімді аямай, бәріне көмек беруге тырыстым. Сосын «уақытым басқаларға көбірек кетіп қалды ғой» деп қамығып та қалатын едім.
  3. Өзіңнің қолыңдағы тест кітапшаларын ғана емес, сыныптастарыңдікін де алып, таныс. Саған беймәлім сұрақтар сонда жүруі мүмкін. Түсінбеген сұрақтарды сыныптастарыңмен бірге талқылаудан тайсақтама.
  4. Бұрын оқыған тақырыптарды қайталап оқи бергеннің де пайдасы көп.
  5. Тек оқумен отыра бермей, далада серуендеп, достармен қыдыруға да уақыт табу керек. Тамақтану рационын да дұрыстау керек. Тым тәтті әрі майлы тағам адам миының жұмыс үрдісін баяулатады. Шоколад, мәселен, адам миының дұрыс әрі тез жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, алайда оны да көп жей беруге болмайды.
  6. Кейбіреулер ешқашан бармаған мешіттеріне немесе емшілерге тура ҰБТ тапсыратын жылдары барып, сыйына бастайды. Өзі оқымай, көктен көмек сұрай берген де жөн емес. Сонымен қатар, ырым-нанымға да қатты сене беруге болмайды.
  7. ҰБТ-ға, ОЖСБ-ға дайындалумен қатар, күнделікті сабақтарға да тиянақты дайындалу керек, кейбіреулері тәрбие сабағына да қатыспайды ғой, бұл қателік, адам жан-жақты болу керек.
  8. ҰБТ-ға, ОЖСБ-ға дайындық барысында тек бір сабаққа ғана, мысалы, әркімнің өзіне қиын соғатын сабағына ғана немесе математикаға ғана көңіл бере беру тіпті дұрыс емес.

9.Курстарға сеніп, өз бетінше оқымай қоюға болмайды. Курстардың өзі жоғары балл жинауыңа кепілдік бере алмайды. Ешқайда бармай-ақ, өз бетіңше дайындалып жоғары нәтижеге жетуге болады.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, егер оқымасаң, алға қойған мақсатыңа жете алмайсың. Қашанда оқи отырып, қинала отырып, оптимистік көзқараста болған жөн.
Жакьянова К.Т.