image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

«Туған өлкеге тағзым» атты тәрбие сағаты

4 – қазақ сынып оқушылары арасында    айтулы даталар- Павлодар облысының құрылғанына 80 жыл және Павлодар ауданының  90 толуына  байланысты  «Туған өлкеге тағзым» атты  тәрбие сағаты  өткізілді. Оқушылар  ақын- жазушылардың туған жерге  арнаған өлең шығармаларымен   қатар,  өз шығармаларын мәнерлеп нақышына келтіре оқып берді.Сонымен қатар, сөзжұмбақ, ребус құрастырып  өзара тапқырлық танытты. Отансүйгіштік ,туған жерді аялау, құрметтеу қасиеттерін кішкене кезінене сезініп өскен баланың болашағы зор болатыны анық. «Тағзым»  сөзінің мағынасын қалай түсінетіндерін де жеткізе білді. Олар : бас иіу, құрмет, ізет қылу, алғысын айту, борышын өтеу сияқты әдемі сөздерді тізбектеді. Мен өз шәкірттерімнің бойынан өзім қалаған қасиеттерді көре аламын деп мақтанышпен  айта аламын. Сол себепті, тебіренген жүректермен, ізгі тілектермен шыққан  оқушыларымның    жырларын ұсынамын.

 

Павлодар-өркендеген қаламыз,

Павлодар- гүл-жайнаған даламыз.

Туған жерге  тағзыммен бас иеміз

Туған жерді құрметтейміз сүйеміз!

Асқарова Фатима

Бүгін сенің туған күнің ,жайдарлы

Павлодар облысы мен ауданы.

Алыстарға кетсем дағы, жол түсіп,

Мәңгілік жүректерде қаласың.

Койшыбай Мирас

80жыл толды,өлкемізге ұландарым,

Білім беріп, ұшырған қырандарын.

Құтты болсын,мейраммен құттықтаймын,

Құлпырып жайнай берші- Павлодарым!

Тлен Ділнәз

Павлодарым келді сексенге

Әдемісің, келбеттісің сен не еткен!

Мен сені мәңгілікке сүйіп өтем,

Жырға қосып,мақтанышпен әндетем.

Байтемір Аяулым

Ардақ Мухаметалина

Красноармейка мектебі. мұғалім