Тіл — тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз
Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың, елдігің- деп Қадыр Мырза Әли атамыз айтқандай сәуір айының 16- шы жұлдызында красноармейка орта жалпы білім беру мектебінде 10-11 қазақ- орыс сыныптары аралығында «Мемлекттік тілді насихаттау» мақсатында сынып сағаттары өтті. Сынып сағатында оқушылар мемлекттік тілдің маңыздылығы, ана тіліне деген сүйіспеншілік, құрмет сезімдері жайлы айтып өтті. Тіл туралы мақал- мәтелдер айтып, атақты ақын- жазушыларымыздың өлеңдерінен үзінділерін оқыды.
Сембина Г.С. 10А сыныбының жетекшісі