Тұңғыш президент күні
1-желтоқсан күні Қазақстан Республикасында тұңғыш президент күні атап өтіледі. Осыған орай, 1 «Б» сыныбында «Менің тұңғыш президентім» тақырыбында сынып сағаты өтті. Сынып сағатының барысында оқушылар Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірімен, еліміз үшін қосқан үлестерімен танысты.
Сабақ соңында балаларға викториналық сұрақтар қойылды. «Мен президент болсам…» тақырыбында ой қозғалып, әр баланың ой-пікірі тыңдалды. Оқушылар өз белсенділіктерімен қуантты.
Жұмажан З.Қ.