Тәжірибемен бөлісу- заман талабы
4 мамырда Красноармейка орта жалпы білім беру мектебінде аудан бойынша ұстаздар өзара тәжірибемен бөлісті. Ұстаздар үлкен ортада еңбектері мен олардың нәтижелерін көрсетті. Іс-тәжірибемен бөлісудің мақсаты – ұстаздар еңбегінің сапасын жақсарту үшін өзара тәжірибе алмасу мен бірлесе жоспарлау дағдыларын қалыптастыру, өзара ынтымақтасқан мәдени орта құру. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Еліміздің болашағы жас ұрпақ » деп айтқандай қазіргі балалар жан-жақты, бәсекеге қабілетті болулары қажет. Өзгеріс енгізуде,шығармашылықпен жұмыс жасау , оқушылардың білім сапасы, әр түрлі әдістемелер көмегімен білім беретін, білім таратушы мұғалімге байланысты. Сондықтан да мұғалімдер де сабақ беру барысында дәстүрлі әдіс-тәсілдерден гөрі,жаңашыл тәсілді көбірек қолданып, өзі тек бағыттаушы болып, оқушылардың көбірек сөйлеуіне мүмкіндік беру керек. Осы алмасуда мектебімізден қатысқан ұстаздарымыз,бастауыш сынып мұғалімдері Ардақ Мухаметалина мен Евгения Бычковская қазан айында өтетін облысқа жолдама алды.Әріптестерімізге сәттілік тілейміз!
Мухаметалина А.А.