image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

“Тәні саудың — жаны сау”

Сенбі күні мектебімізде өткен іс шарамызды елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың сөзімен бастағым келіп тұр: «Дені сау сәби әр отбасының қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі» Адамның денсаулығы — қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Өйткені, дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, енбекке әрқашан да құлшына кіріседі. Халқымыз “Тәні саудың — жаны сау” деп орынды айтқан.

Адамзат өмірге келген соң өмірін қалай болса солай өткізбеуі тиіс. Яғни адам саналы да жарқын өмір сүруі қажет. Ол үшін ең алдымен ата-бабамыз айтып кеткендей,
-Бірінші байлық – денсаулық
-Екінші байлық – ақ жаулық
-Үшінші байлық – он саулық — демекші, ең алдымен саналы да жарқын өмір сүру үшін денсаулық қажет. Ал сол денсаулықты сақтау – өз қолымызда, яғни өз еншімізде. Осы мақсатта демалыс күнімізді сәтті өтті деп санаймын.Барлық сынып оқушылары осы күні өздерін спортқа арнады.4 сынып оқушылары пионербол, тоғызқұмалақ, асық ату ойындарынан өзара сайыс өткізді.

 

Ардақ Мухаметалина