«Физикадан мәтіндік және эксперименттік есептерді шығару» қолданбалы курсы
Красноармейка орта жалпы білім беру мектебінде 11 «А» сынып оқушыларына «Физикадан мәтіндік және эксперименттік есептерді шығару» атты қолданбалы курсы өткізіледі. Физикалық құбылыстардың негізін ұғыну, түсініктерді, теорияны игеру процессі әр оқушыда бірдей жүрмейді. Оқыған материалды біреулер тез игереді, енді біреулеріне ой қорытуына және есіне сақтауына көп уақыт қажет. Оқушылардың әрқайсысы өз қарқынымен жұмыс істейді. Тапсырма дұрыс ұйымдастырылса сабақ кезіндегі алған білімдерін бекітуге және тереңдетуге көмектеседі.
Тәжірибелерді және бақылауларды баяндау оқушыға көргенін терең ойлауға, негізгіні ажырата білуге үйретеді. Физикалық эксперименттік тапсырмаларды беру осы пәнге деген ерекше қызығушылықты тудырады.
Физика пәнінің мұғалімі А.С.Каскенова.