image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

Физика сабағында дарынды оқушылардың іскерліктерін қалыптастыру

Физиканы оқытуда оқушылардың дарындылық қабілеттері физика есептерін шығаруда,эксперимент жасауда және олардың нәтижелерін талдауда дамиды және байқалады.Мәселен: физиканы оқи бастағанда,физика ғылымы табиғаттың ең қарапайым,сонымен қатар ең жалпылама заңдылықтарын,материяның қасиеттерін,құрылысы мен қозғалыс заңдарын зерттейтінін оқушылар түсінуі қажет.

Физика бөлімін оқушылар тиімді меңгеру үшін,өзіндік жұмыстарда сабақтағы білімдерін жеткілікті қолдану үшін материалды сатылап бөліп оқытқан жөн.

Физикада қарастырылатын заңдарда келесі  келесі ретті қолдандық:

  1. Бөлім бойынша қажетті теориалық материалды пысықтап алдық.
  2. Ондағы сұрақтарды есеп шығарудан бұрын танысып,біліп алдық.
  3. Содан кейін теориялық материал бойынша сұрақтарға жауап бердік.
  4. Содан соң есептердің түрлерін талдап,шығардық.

Молекула-кинетикалық теорияның негізгі теңдеуін қолданып    есептерді шығару әдістемесін қарастырдық.Молекулалық физиканың негізгі зерттеу объектісі-қисапсыз молекуладан тұратын физикалық жүйелердің ерекшілігіне оқушылардың назарын аударуға тырыстым.