image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

«ХХІ ғасырдағы қазақстандық ата-ана: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ» атты республикалық ата-аналар конференциясы

Қазақстанның отбасы күніне арланған 2018 жылдың 8 қыркүйек күні Красноармейка орта жалпы білім беру мектебінде «ХХІ ғасырдағы қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол» тақырыбында 1, 10-11 сынып оқушыларының ата-аналарына республикалық ата-аналар конференциясы өтті.Жиналыс  барысында  мектеп директоры Т.Баизбаева өз сөзінде ата-аналарға сапалы білім беру мен саналы ұрпақ өсіруде мектеп-ата-ана-бала болып  бірлесіп жұмыс жасауды ұсынды.

Конференция бес тақырып бойынша қарастырылды.Әр тақырыптың маңызы оразан зор екендігін айтып өту өте маңызды. Себебі, мақсат: жасөспірім шақта балаға назар аудару, қамкорлық көрсету керектігін, ҰБТ-ға дайындық және тапсыру барысында жасөспірімге ата-ананың психологиялық көмегі туралы  мектеп психологы Г.Мурзабекова тоқталып өтті. Сергіту сәті ретінде психологиялық тренингтер өткізді. Ең бастысы ата-анаға отбасылық құндылықтарды мысал ретінде көрсетіп, баламен   қалай жұмыс жүргізу керек екенін айтты. Жиналған ата-ана конференцияға жоғары баға беріп, пікір алмасты.  Әрбір бала- ата-анасының айнасы. Әрбір мұғалім-мектебінің айнасы. Енді осы үшеуі тығыз байланысып,тек жақсы жағынан көрінсе дейміз. Ауыз бірлігі жарасқан мектеп ұжымына, білім көкжиегінде  толағай табыс тіледім.

 

 

Қазақ тілі мұғалімі – С.Жасқайратова