«ШАҢЫРАҚ» ОҚУШЫЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ АРҚЫЛЫ ТҰЛҒАНЫ ТӘРБИЕЛЕУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ.
Елбасы биылғы жолдауында «Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс»,-деп атап көрсеткен болатын.
Осындай өз-өзіне сенімді, ой-өрісінің тәуелсіздігімен ерекшеленетін, құндылықтарды бойына сіңіре білген, сыни тұрғыдан ойлана білетін тұлға тәрбиелеу НЗМ іс-тәжірбиесін тарату мақсатында Красноармейка ЖОББМ «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығы құрылды.
«Шаңырақ» ұғымы қазақ үшін қашанда киелі. Шаңырақ «үй, отбасы» деген мағынаны да білдіреді.Шаңырақ – бірліктің, ынтымақ пен берекенің символы іспеттес.
«Шаңырақ» атауымен құрылған оқушылар қауымдастығы – жоғары және төмен сынып оқушылары арасындағы бірлік, өзара сыйластық, ынтымақтастық,сенім,қамқорлық сезімдерін қалыптастыруға негізделген жоба. Оқушылар қауымдастығының мақсаты — бірыңғай топтар құру арқылы оқушыларды ауызбірлікке, біртұтастыққа бейімдеу, жоғары сынып пен төменгі сынып оқушылары арасында бауырмалдық, қамқорлық қарым-қатынас қалыптастыру. Мктебіміздің қазақ-орыс сыныптарының оқушылары бірігіп «Киіз үй» макетін құрып, жасауға кірісіп кетті. Осы киіз үйді жасай отырып, оқушылар бір-бірімен тіл табысып, ортақ мақсаттарын анықтап, сол мақсатқа бірге жету жолдарын табады деген сенімдеміз.
Тулемисов Канат Талипович
технология пәнінің мұғалімі.