image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

Шәкірт жетістігі – мұғалімнің кәсіби біліктілігі мен шеберлігінің жемісі

Мектеп келешек ел басқарар, жер басқарар, елі мен  халқын гүлдентер, мейірін   өсіріп, мәртебесін биіктетер жасампаз жандарды тәрбиелейтін киелі де, қасиетті ұя. Ал сол мектептің негізгі   тірегі – білімді де білікті ұстаз. Қазіргі заман талабына сай әр баланың   қабілетіне қарай дарындылығын дамыту, білім бәйгесінде, дүбірлі   жарыстарда жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шәкірт шығару – осы ұстаздардың ерен еңбегінің жемісі. Абай атамыз айтқандай «Ұстазсыз шәкірт – тұл, шәкіртсіз ұстаз тұл» деп адам баласының кісі болып қалыптасуы көбінесе ұстазға байланысты деп ерекше атап өткен. Шәкірт ұстазға қарап өседі. Ол ұстазының білімін, берген тәрбиесін, кеңе­сін алады. Ұлағатты ұстаздан тәрбие алған адам жақсы қоғам қайраткері, ұлы тұлға болып өседі, өмірін дұрыс бағытқа бейімдеп, көркейеді. Алайда оқушыны білімге қызықтырып, өз әлеміне баурап алу үшін ұстазға дариядай терең білім, биік парасаттылық, талмас еңбекқорлық, таза ниет керек. Осы орайда біздің мектебімізде дәл осындай қабілет пен қасиеттерді бойына сіңіре білген қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі М.Ж. Нургалиеваның жетекшілігімен  шәкіртіміз  9-қазақ сыныбының оқушысы — Кабидолла Еламан биылғы 2016-2017 оқу жылында білім сайыстарында көптеген жетістіктер мен жеңістерге қол жеткізді. Ол Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай облыстық «Алтын микрафон-2016»  сайысына қатысып, білім беру басқармасының басшысы Б. Бексейітованың атынан III дәрежелі дипломмен  және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған облыстық «Ұлы дала елі» фестивалі аясында өткізілген «Көрікті ойдан – көркем сөз» атты сайыстан II орынға ие болып,  II дәрежелі дипломмен марапаттап, 70000 мың сыйақы қанжығасына байланды.Аудандық түрлі оқулардан, ғылыми жобадан I, II орын иегері.