Экологиялық тәрбие – болашақ кепілі!
Табиғат адам баласын дүниеге келтіріп,бойындағы бар махаббат мейірімін
шұғылалы шуағын жүрегімізде ұялатқан- Ана
М.Жұмабаев
Табиғат-бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп-өнер мекені.Қоғам дамуы табиғатпен тығыз байланысты. Сол себепті табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынастың үйлесімді дамуы әрбір адамның денсаулығына, физиологиялық өсіп- жетілуіне ауадай қажет екендігіне жас ұрпақтың көзін жеткізу-біздің басты мақсатымыз.
Экология-200 жылдық тарихы бар ғылым. Экология терминін неміс биологы Эрнест Геккель (1866ж) «Естественная история происхождения» атты кітабында алғаш рет қолданған. Экология –«ойкос»2 деген грек сөзі, үй, баспана ұғымын білдіреді. Э.Геккельдің айтуы бойынша экология- жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін ғылым.
2019 жылдың 13 ақпанында мектебімізде «Атамекен-Родина» қоғамдық бірлестігінің қызметкерлері экологиялық тазалықтың пайдасы, адам өміріндегі рөлі атты тақырыптық-тәжірибелік сабақ өткізді. Аталған сабаққа бастауыш сынып және орта буын оқушылары қатысты. Бірлестік төрағасы Гашек Юрий Львович оқушылардың экологиялық тазалық туралы білімдерін кеңейтіп, көптеген пайдалы кеңестер берді. Гүл және ағашты отырғызудың тиімдері жолдары, әдістерімен бөлісті. Сонымен қатар, отырғызған өсінділерді ары қарай баптау үшін оқушылар үйлеріне алып кетті. Бұл іс-шараның мақсаты оқушыларды экологиялық тәрбиеге баулу, қоршаған ортаны аялауға үйрету болып табылады. Себебі, экологиялық тазалық-болашақта дені сау ұрпақ тәрбиелеудің кепілі.
Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі
Замзагуль Байтургановна Акпарова.