image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

ЭЛЕКТРОМАГНИТТІК ТОЛҚЫНДАРДЫҢ АҒЗАҒА ТИГІЗЕР ӘСЕРІ

Мақсаты: осы тақырып арқылы электромагниттік толқындардың адам ағзасына қаншалықты зияны бар екенін айтып беру.Электр құрылғыларындағы электромагниттік толқындардың қуатының зиянын ашып айттық;оқушылардың электромагниттік толқындардан өз ағзаларын дұрыс қорғай білуге тәрбиелеу; оқушылардың электромагтиттік толқын туралы білген білімдерін одан әрі дамытуға баулу.Осы тақырып арқылы оқушылармен әңгімелесу барысында көптеген өмірдегі тұрмыстық жағдайларды қарастырдық.Мысалы, үтікті қосқан кезде 25 см қашықтықта одан 0,2 мкТл электромагниттік толқындар бөлінеді. Ал ер адамдар электқырынғыш қолданған кезде өздерін әдемілей отырып беттерінен ток жүргізетіндігі, себебі электрқырынғыш 100 мкТл  есептеледі екен. Компьютерде 60 Гц болады. Ал ұялы телефонды алатын болсақ, оның маркасына қарай олардың электромагнитік толқындарының қуаты да әр түрлі болады.Көп елдерде электромагниттік толқындардың қуаты 1,6 Вт/кг болатындай көлем алынған. Ұялы телефонның электромагниттік толқынының қуаты аз болғаны жақсы. Электромагниттік толқындардың әсерінен әр түрлі аурулар туындайды екендігін ашып айттық.Оларға:

  • Онкологиялық аурулар
  • Альцгеймер ауруы
  • Паркинсон ауруы

Электрлі техникалық құралдардағы электромагниттік толқындардың желісі туралы.Негізгі бөлімде:

  1. Ұялы телефонның әсері және оның әсерінен туындайтын аурулар.
  2. Микротолқынды пештің әсері.

Қорытынды жасап өтсек:Біз күнделікті өмірде қолданатын электр құралдардың өз денсаулығымызға қаншалықты зиян келтіретінін кейде білмей де қаламыз. Мен осы таңдаған тақырыбым арқылы сіздерге ұялы телефонның, микро толқынды пештің, компьютердің электромагниттік толқындарының адам ағзасына қаншалықты зияны бар екенін ашып айттық.. Электромагниттік толқындар кез келген үйде, мекемеде, жалпы адам өмір сүретін барлық ортада бар. Электромагниттік толқындар тұрғын үйдің теледидарында, үтігінде, мұздатқыштарында, микротолқынды пеште, шаңсорғышта, компьютерде, ұялы телефонда болады. Электромагниттік толқындардың таралуы 1000 мГц, техникалық құрылғыларда кейде одан да асып кетеді. Электромагниттік радиация магниттік энергиядан және элетромагниттік толқындар арқылы пайда болады. Барлық электромагниттік энергия электромагниттік спетрге түседі, олар өте төменгі радиацияның жиілігінен рентгендік және гамма сәулелеріне дейін өзгереді. Көп адамдар ұфялы телефонмен сөйлескенде оны тым қатты бастарына тақалтады, осыдан адамның миына көп радиация әсер етеді.

 

ІІ.Көп ғалымдар ұялы телефонның адам ағзасына қаншалықты зияны бар екенін зерттеп қараған. Оған 12 елден келген 15 мың дәрігер мамандар қатысқан. Дәрігерлер зерттеу нәтижесінде құлақтың маңайында орналасқан ми, сілекей безі, құлақ түйсіктері, көз т.б. ұялы телефоннан шығатын элетромагниттік энергияның әсеріне көп көңіл бөлген.

   Ұялы телефонмен мешітте, жол жүріп келе жатқанда, шаңғымен сырғанап келе жатқанда, 16 жасқа толмаған  балаларға, әйел адамның жүктілік кезінде және де психикалық ауруға шалдыққандарға,эпилепсия ауруымен ауратын адамдарға сөйлесуге болмайды. Дені сау адамдарға 20 минуттан артық сөйлесуге болмайды: бас ауруына және лойлау қабілетінің бұзылуына әсер етуі мүмкін.

Электромагниттік толқындардың әсерінен әр түрлі аурулар туындайды екен:

  • Онкологиялық аурулар
  • Альцгеймер ауруы
  • Паркинсон ауруы

Егер сіз ұялы телефон өміріме қауіпті деп қорқатын болсаңыз, сізге келесі ережелерді сақтаған жөн:

Ұялы телефонмен наушник арқылы сөйлескен жөн, себебі сіз ұялы телефонды қолмен ұстамай, басыңызға тақалтпайсыз, сөйтіп өзіңізді телефонның электромагниттік толқынының сәулесінен қорғайсыз.

Антеннасы құлақтың маңайынан алшақ орналасқан ұялы телефонды қолдануға тырысыңыз.

Зәулім үйлерде, мекемелерде, ұялы телефонды қолданбауға тырысыңыз.

Сәбилерге телефонды  ойнауға бермеуге тырысыңыз.

Микротолқынды пештің әсері.

Ресейлік ғылым академиясының институты микротолқынды пешке зерттеу жасаған екен. Микротолқынды пештің ішінде тағамға зерттеу жасаған, онда С витамины сақталып  75-98% құраған, ал күнделікті өмірде витамин  30-60% пайызды құрайды екен.

Американдықтардың зерттеулері бойынша микротолқынды пештің арқасында  «асқазан рагын» болдыртпауға болады. Себебі онда май мүлдем қолданылмайды.

  Микротолқынды пешті қолданғанда келесі ережелерді сақтаған жөн:

Микротолқынды пеште майға шыжғырып тағам әзірлеуге болмайды, себебі майдың температурасы жоғарылайды.

Жұмыртқаны қабығымен микротолқынды пешке салып қайнатуға болмайды, оның атылып кетуі мүмкін.

Микротолқынды пештің үстіне металдан жасалған ауыр заттар қоюға болмайды.

Компьютер және адам денсаулығы.

Компьютердегі электромагниттік толқындардың адам ағзасына тигізер әсері өте көп. Жүйкесінің тозуы. Иммунитет төмендеуі. Адам көп отырған кезде қан айналымы бәсеңдейді. Компьютердің платасы және мониторы қызған кезде ауаға зиянды заттар бөлінеді. Осының әсерінен ауа құрғап, адамның тыныс алуы бәсеңдейді. Компьютердің алдында отырған кезде келесі аурулар пайда болады: көз ауруы, қол білезіктерінің ісінуі, омыртқаның қисаюы, салмақтың қосылуы.Осы тақырып арқылы адам өміріне зияны бар екенін ашып айттық.Бірақ өмірдің талабына сәйкес біз қазіргі уақытта осы аталған заттарға тәуелдіміз.Бірақ әр аталған заттарды өмірімізде аз мөлшерде қолдануымыз керектігі айтылды.