image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

ҒАЛАМТОР…

Қазіргі қоғамдағы ең өзекті мәселердің бірі. Бірі пайдалы десе, енді бірі зияны мол дейді. Техниканың дамуына байланысты интернеттін де неше түрлі сілтемелер көбеюде, осы сілтемелер арқылы адамдар қоғаммен қарым-қатынас жасау күнделікті әдетке айналып барады.

Интернеттің пайдасы көп. Интернет арқылы біз басқа қаладағы болсын, басқа елдегі болсын алыстағы достарымызбен сөйлесе аламыз. Мысалға, ұстаздар берген реферат, мәнжазба, солардың бәрін мен интернет арқылы табамыз. Кітапханаға барып жүрмей мен үйдегі интернеттен алады. Осыған қарасақ интернет арқылы:

  • Алысты жақындату
  • Қоғамға (адамға) байланысты мүмкіншіліктерді арттыру.
  • Әлемде болып жатқан жаңалықтардан сол сәтте хабардар болу.
  • Интернет арқылы мәтінді, хабарламаны, құжаттарды, фото, аудио, видео материалдарды қабылдап алуға не керісінше жіберуге болады;
  • Кез келген тақырыпқа қатысты материалдар, анықтамалар алуға;
  • Қашықтықтан оқуға, яғни үйде отырып білім алуға;
  • Қызмет түрлерін ұсынуға, тауар сатып алуға не сатуға;
  • Қаржылық операциялар жасауға;

Ғаламтордың зияны:

Ол адам ағзасына қауіп төндірумен қатар, сананы улаумен шектесетіні белгілі. Компьютер алдында ұзақ отырса адамның көзі, жотасы ауырады және қимыл – қозғалысына, адам психологиясына да әсер етеді. Сезімдік нерв жүйесі ауруларына шалдығады. Интернетке жүгініп, үйреніп кеткен бала, яғни интернет арқылы хат алысып, сөйлесу – баланың айналасындағы адамдармен бетпе – бет сөйлесуіне де әсер етеді, сөйлеу мәдениетінен айырылады. Компьютерден бөлінетін ультра – күлгін сәулесі көзге кері әсер етеді. Қазіргі кезде көптеген оқушылар  көп уақытын кітап оқумен емес, интернетке кіріп түрлі ойындар ойнап, уақытын тиімсіз өткізудің зардабы.

Интернеттегі онлайн ойындары атыс – шабыс, тағы басқа қантөгу, жауыздық тақырыбында болады. Осыдан балалардың психологиясы өзгереді.

Мектеп оқушылары сабаққа дайындалғаннан гөрі телефонға үңілгенді, ондағы неше түрлі ойындармен ойнаумен уақытын өткізеді. Небір түрлі қырғын атыс – шабыс ойынын, өзгелермен танысу, ұятты көріністер қарайды.

Міне, содан барып, ол баланың өмірге көз – қарасы психологиясы өзгереді.

Ұрлық – зорлық көбейеді. Осының алдын алу үшін Красноармейка орта жалпы білім беру мектебі «Қауіпсіз интернет» апталығын өткізуде. Бұл іс-шараның берер пайдасы мол деп түсінеміз. Оқушылар ғаламторды керекті болған жағдайда ғана қолданып, уақытын басқа да қызықты істерге, оқуын оқуға көңіл бөледі деп сенеміз.

Математика пәні мұғалімі: Уахыт Райхангул