«Ғылыми жұмыстарды жазу тәсілі» тақырыбындағы семинар
Красноармейка орта жалпы білім беру мектебінде «Ғылыми жұмыстарды жазу тәсілі» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға мұғалімдер мен мектеп әкімшілігі қатысты. Ғылыми жобаның жетекшісі Мұрат Мұхтарұлы Карашашев ғылыми жобаның тақырыбын таңдау, тақырыпқа деген қызығушылық, ақпарат жинау, зерттеу кезінде кітап, ғылыми мақалалар (Google Scholar, Scirus, CiteSeerX, GetCITED. Scopus және Web of Science базалары) электронды кітапханала пайдалану, жобаның мақсаты, зерттеу нысаны, зерттеу қорытындысы бойынша қандай жетістіктерге қол жеткізу, гипотизаны белгілеу, зерттеу нысаны бойынша қажетті статистикалық материалдарды қандай дерек көздерден алу қажет екендігін атап көрсетті. Тыңдаушылар тақырыпқа үлкен қызығушылық білдіріп, белсенділік танытты және өздерін қызықтырған сұрақтарға толыққанды жауаптар алды.
Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі – Сандуғаш Жасқайратқызы Жасқайратова