Қадамың құтты болсын,балдырған!
Биылғы санақ бойынша Павлодар облысында жаңа оқу жылында 12 мың бала мектеп табалдырығын аттағалы отыр деген еді. Соның 41-і біздің ауылымыз дың кішкене балдырғандары екенін біреу білсе де,біреу білмейтіні бәрімізге аян.Красноармейка мектебі –ауданымыздағы ауыз толтырып айтарлықтай дәрежедегі,алғы шептерден көрініп жүрген мектептердің бірі.Көптеген марапаттарға ие.Соңғы мақтаныштары биылғы түлектердің барлығының жоғары оқу гранттарын иеленіп,білім жолына аттанулары.Мектеп табалдырығын аттаған оқушыларға солардың жолын беруді аңсаған ата-ана ақ баталарын берді.
Биыл мектепке бару 6 жасар бүлдіршіндерге де қуаныш сыйлады.Өздерін жаңа ортаға бейімдеп, жаңа достар,сыныптастар табады.
Мектепке алғаш бару — бала өміріне үлкен жаңалық, өзгеріс енгізеді, қоғамдағы жаңа орынға көшуі мен өсіп-жетілуінің бір бастамасы. Баланы мектепке дайындау дегенде көптеген ата-аналар балаға әріптерді және санауды үйретумен ғана шектеледі. Әрине баланың оқуға дайындығын ақыл-ойының даярлығымен ғана шектеліп қоймай, оның оқуға психологиялық жағынан даярлауды қарастыру қажет. Яғни, бұл баланың мотивациялық-қажеттілік және психикалық үрдістерінің дамуы оқуда, қарым-қатынаста қиындыққа кезікпеуіне мүмкіндік береді.
Баланың мектепке дайын болу жағдайы бірнеше түрге бөлінеді:
1. Дене бітімінің дайындығы — баланың салмағы мен бойының өз жасына сай болуымен қатар он екі мүшесі сау болуы керек;
2. Зиятының дайындығы — баланың ой-өрісінің, есте сақтау қабілетінің,
тілінің, зейінінің, өз еркімен тапсырма орындай алуының, мақсат қоя білуінің,
қателігін түсіне білу қабілеттілігінің өз жасына сай болуы;
3. Әлеуметтік-психологиялық дайындық — баланың жаңа ортаға деген
көз-қарасының, оқушы жауапкершілігінің, өзін-өзі ұстай білуінің, үлкен кіші
адамдармен қарым-қатынасының өз жасына, мектептердің талабына сай болуы;
4. Ерік аясының дайындығы — баланың өз іс-әрекетін мақсатты түрде
қалыптастырып, өз кемшіліктері мен жетістіктерін дұрыс қабылдап, әрекет ете білуі;
А.А.Мухаметалина
Бастауыш сынып мұғалімі.