image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

«Қазақ тілін насихаттау – тілге деген құрмет»

Бүгін Красноармейка орта жалпы білім беру мектебінде 5-9 қазақ  сыныптарында

«Қазақ тілін насихаттау – тілге деген құрмет» тақырыбында сынып сағаттары  өтті.

 

Мемлекеттік тіл Тәуелсіз елдің негізгі рәміздерінің бірі. Кез келген өркениетті елдің өзінің Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, шекарасы болатыны секілді мемлекеттік тілі де болады. Демек, мемлекеттік тіл де — мемлекеттігіміздің негізгі атрибуттарының бірі. Біздің Ата Заңымызда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі» деп жазылған.

Сынып сағатының мақсаты:  оқушыларға ана тілін құрметтеп, қадір – қасиетін ұғындыру, қазақ тілінен алған білімдерін жүйелей отырып, адамгершілікке баулу, ақылды, салмақты сөз айтуға, ойын нақты, дұрыс жеткізуге, тапқыр ой мен шешен сөйлеуге көңіл бөлу, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру. Тілге деген сүйіспеншілікке, тілді құрметтеп қадірлеуге, тілге деген құрмет барлығымыздың бойымызда болуы керек екені туралы айту. Сынып сағатында әр-түрлі тапсырмалар берілді.Мысалы:
«Мақал – сөздің мәйегі» мақал – мәтелдердің жалғасын табу.
«Білгенге маржан» берілген сөздердің омоним, синонимдік қатарларын табу.
«Тіл байлығы» тұрақты тіркестердің мағынасын ашу.
«Сөзбайлығы» «Анатілім – айбыным» тақырыбына шағын ой толғау.
«Болмасаң да ұқсапбақ» берілген өлеңді өз ойымен жалғастыр.
Сұрақ – жауап. Тілге егемендікке байланысты сұрақтарға жауап.

Тіл мәртебесі – ел мерейі. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек.