Қамқоршылар күні
Қазақстанда 29 қазан күні дәстүрлі Қамқоршылар күні аталып өтілуде. Оның мақсаты жетім және ата ана қамқорлығынсыз қалған балаларды қамқорлығына алып, аялы алақанын сездіре білген жандарға ризашылығын білдіру. Осы орайда Красноармейка орта мектебінде осындай жауапты, сауабы мол істі қолына алудан тайынбаған отбасыларды шақырып марапаттау шарасы өткізілді. Мектебімізде жетім және ата ана қамқорлығынсыз қалған 5 баланы қамқорлығына алған 2 отбасы бар: олар Талғат пен Айман Кошкинбаевтар және Валерий мен Надежда Кажановтар. Қамқоршыларға оқушылар тарапынан кішігірім концерт қойылып, әкімшілік алғыс хат пен естелік сыйлық сыйлады. Алдағы уақытта мектеп пен қамқоршылардың арасындағы бірлескен жұмыс жалғасын табатынына сенімдіміз.