Қаныш Сатпаевтың туғанына 120 жыл
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев 1899 жылы, Баянауыл ауданында дуниеге келген.Ол аса көрнекті қазақ геологі, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, қазақстандық металлогения мектебінің негізін қалаушы.
Қазақ қоғамына үлкен үлесін тигізген ұлы тұлғаның туғанына биыл 120 жыл толып отыр. Осы орайда, «Красноармейка ЖОББМ» ММ біршама іс-шаралар өтті. Сынып сағаттарын Қ.Сатпаев туралы фильмнен бастаған сынып жетекшілер, әр түрлі викториналық сұрақтар, Қ.Сатпаевтың жұмыстары жайлы ақпараттар берді.
Осындай іс-шаралар біздің мектебімізде әлі де өз жалғасын таба бермек.
Бейсекеева А.А.