Қарттарым – асыл қазынам
1 қазан Қарттар күні. Бұл күні егде жастағыларға, мүгедектерге, жалғыз басты зейнеткерлерге көңіл бөлініп, материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық және т.б көмектер көрсетіледі.
Қарттар – біздің асыл қазынамыз. Ортада жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.Мектебімізде қарттар күніне орай көптеген іс-шаралар өткізілді. Атап айтқанда, «Қарттарды қамқорлықсыз қалдырмайық!» атты қамқорлық топтары құрлып, көмек көрсетті. Бұл іс- шараға 10А сынып оқушылары да белсене қатысты. Валинкина Т.С. есімді қарт әженің үйіне барып, ауласын тазалап ретке келтірді. Валинкина Т.С. оқушыларға шынайы ризашылығын білдіріп, өмірде үлкен табыс тілеп, еліміздің мәртебесі биіктеп, ел-жұртымыздың, келер ұрпақтың, береке-бірлігі таси беруге тіледі.
Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі
Сембина Г.С.