image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

«Қауіпсіз мектеп»

2018 жылғы  20 тамыздан 20 қыркүйекке дейін облыс көлемінде «Қауіпсіз мектеп» республикалық акциясы өткізілді. Акция «Өмір тамаша!» ұранымен өтті.

Бұл акцияның мақсаты – білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оқушылар арасында және оларға қарсы құқық бұзушылықтың алдын алу және оқу орындарында қауіпсіздік шараларын жетілдіру.Осы акциядан Красноармейка орта жалпы білім беру мектебі де шет қалмады.

«Қауіпсіз балалық шақ үшін!» ұраны барлық іс-шараларды өткізу кезінде ұстанатын негізгі қағидат болып табылды. Аталған Республикалық акция мектепте, үйде, есік алдында, лифте, кіреберісте, суда, жолда, көлікте қауіпсіздік ережелер туралы, сонымен қатар алғашқы көмек көрсету тәсілдері және шұғыл қызметтер туралы балалар мен ата-аналардың, қоғамның назарын аудару болып табылады.Сондықтан біздің мектепте 1-11 сыныптар аралығында аталмыш тақырып аясында түрлі тәрбие сағаттар мен сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді.

Дарошева Жанна Нурбековна