«Қыз өссе – елдің көркі»
Жуық арада сыныпта «Қыз өссе – елдің көркі» атты қыз балаларға арналған тәрбие сағаты болып өтті.Қыздар болашақ аналар. Қыз баланы тәрбиелеуге халқымыз сонау заманнан бері ерекше мән беріп келеді. Ұлттың болашағы – ұрпағында болса, ұрпақтың тәрбиесі –ұстаз қолында. Ал , ұстаз мұраты- жетілген, толыққанды азаматша тәрбиелеу. «Кел ,сырласайық»,- атты ашық сауалнама жүргізе отырып, «Қыз бала қандай болу керек ?»- деген тақырып бойынша екі топ болып бөлінген қыздар постер қорғады.Тәрбие сағатының соңында «Қыздарға әсемдік жарасады» атты әнді тыңдап, бірге қосыла шырқастық. Менің қыздарым сыныптан-сыныпқа көшкен сайын бой түзеп , өзгеріп келеді, осындай өзгерістеріне осындай мәнді де, мазмұнды тәрбие сағатының берері мол.
7-қазақ сыныбының жетекшісі М.Ж. Нургалиева