«Қыста»
Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезеңді торлайды.
Кейде ұлып, кейде жұлып,
Ұйтқып боран соғады.
Айтыңдаршы бөбектерім,
Бұл қай кезде болады?
2018 жылғы 10 қаңтар күні 3 орыс сыныбында қазақ тілінен «Қыста» тақырыбына саяхат түрінде сабақ өтті. Сабақтың мақсаты оқушылардың жыл мезгілдері жайлы мәліметтерін толықтырып, әр жыл мезгілінің өзіндік ерекшеліктерін түсіндіріп өту болатын. Аталған сабаққа оқушылар зор қызығушылық танытып, белсене қатысты. Арнайы дайындалған презентация көмегімен 4 аялдамадан тұратын «Қыс» мезгіліне саяхат жасадық. Пәнаралық байланыс орыс тілі болды. Оқушылар берілген тапсырмаларды толық орындады. Егеубаева Амира, Уалиев Адлен, Столярова Регина, Бош Эдуард сынды балалар ерекше көзге түсті.
Қазақ тілі және әдебиет мұғалімі
М.Байсадыкова