Ұлттық құндылықтарымыз
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламаның жалғасы болып шыққан «Ұлы Даланың жеті қыры» жобасын мектебімізде осыдан екі- үш ай бұрын талқылай отырып әр сыныпқа жеті кезең бойынша жоба жасап сәуір айында қорғауын жоспарлағамыз. Мақсаты: Өз тілін, елін . тарихын, салт-дәстүрін білуге, сүйюге, мақтан тұтуға тәрбиелеу. Төл тарихымыз бен мәдениетімізді жіктей келе тарихи сананы жаңғырту . Сенбі күні өткізілген мектепішілік іс- шара өзінің мәресіне жетті деп ойлаймын. Сынып жетекшілері мен оқушылар ерекше көңіл бөліп жоғары деңгейде дайындалғандарын көрсете білді. Іс -шараны мектеп директоры Баизбаева Т.С. ашып, жүргізуші бірінші сөзді тарих пәнінің мұғалімі Карашашев М.М. берді. Оқушылар суреттер салып, презентация жасап, 5-6 қазақ сыныптары «Аң стилі» кезеңін қорғау кезінде өз қолдарынан жасалған бұйымдар мен ағашқа күйдірііп салған жұмыстарын көрсетті. Бастауыш қазақ орыс сынып оқушылары «Атқа міну мәдениеті» кезеңін қорғап оның тарихымен таныстырды. «Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі» кезеңі бойынша 7 орыс сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетті.»Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны» 9 сынып оқушылары мектеп алаңына қызғалдақ егетінін айтып өтті. «Алтын адам» кезеңіне 11 сынып оқушылары үш тілде дайындалып өздерінің алған білімдерін дәлелдеп көрсете білді. Бұл – тарихқа деген дұрыс ұстаным. Сол арқылы түп-тамырымызды білуге, ұлттық тарихымызға терең үңіліп, оның күрмеулі түйінін шешуге мүмкіндік туады..Тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы.Ұлттық құндылықтарымызды тарих арқылы санамызға жаңғырта бастағанымызға ерекше қуаныштымын.
Жакьянова К.Т.