image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

Өмірде қалатын тарихи толқын!

Красноармейка мектебінің 2000 жылғы  түлектерінің небір қызықтарды ұйымдастырып жатқанына куә болдым да, олар туралы жазғым келді.

Он жыл бойы мектеп партасында қатар отырып, бірге сабақ айтып, бірге ойнап-күліп, мөлдір шақты еске алып, сол кезге бір сәт қайта оралғандай болды. Осыдан тура 17 жыл бұрын бiр топ қыз-жiгiт Павлодар облысы, Павлодар ауданы, Красноармейка ауылындағы Красноармейка орта жалпы білім беру мектебінен түлеп ұшқан едi. Олар мектебіміздегі медицина кабинетіндегі (бұрынғы технология кабинеті) капсулаға салынған тілектерін, 25 мамыр күні 17 жылдан кейін алып, 2017 жылғы түлектеріне жолдауларын оқыды. Өмірде қалатын тарихи толқын! Бұл мектеп дәстүріне айналған сәт. Биылғы түлектер де өз тілектерін білдіріп, мектеп қабырғасына салып қойды.        Мектеп табалдырығын аттаған шақтары кеше ғана сияқты еді. Арада он жеті жыл уақыт зымырап өте шығыпты. Кива Лариса Владимировна оларға 5 сыныптан бастап әрі сынып жетекшісі, әрі орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі болды. Өзі балалармен тіл табыса білетін нағыз педагог, аяулы ана, ардақты ұстаз еді.

Осы 2000 жылғы түлектер жоғары оқу орындарына түсіп,  бүгінде бірі – экономист, бірі – қаржыгер, бірі – мұғалім, бірі – есепші, бірі – кітапханашы, бірі – жеке кәсіпкер, бірі – шекарашы, енді біреулері – ішкі істер органдарында қызмет етіп, өмірден шын мәнінде өз орындарын тапқан кәсіби мамандар. Жігіттер жағы – бір-бір шаңырақтың иесі болса, қыздар жағы бір-бір шаңырақтың киесі. Жақсы адам болып қалыптасуларына  Нурумжанова К. А —  мектеп директоры, Бойкова Т.П, Баизбаева Т.С — оқу ісінің меңгерушілері,  Сапарова Х.К, Кириленко Н.Г, Канциндон Э.И, Хоснутдинова С.М,Кабдуллина К.К, Амеркулова Р.И, Шалабаев А.Б, Карменова Л.Ж, Жакьянова К.Т,Акпарова З.Б, Ахметова Г.К,Платонов В.Н, Бойков И.В сынды пән мұғалімдерінің де сіңірген еңбегі зор. Олар ұлғатты ұстаздардан сабақ алғандарына алғыстарын білдіріп,  мақтан тұтатындарын айтып, ризашылығын білдірді.

«2000 жылғы түлектер аяулы ұстаздарымызға тағзым етеміз! Біз сіздерді ешқашан ұмытпаймыз! Ғұмырларыңыз ұзақ, өмірлеріңіз шуақты, перзенттеріңіз адал, шәкірттеріңіз дарынды болсын!..» дейді 2000 жылғы түлектер.

 

 

Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі  С.Жасқайратова