Өнегесі мол акция.
Мақсаты жас ұрпақты туған өлкенің табиғи ресурстарына және қоршаған әлемге мұқият қарым-қатынас дәстүрлеріне тәрбиелеу болып табылатын облыстық «ЭКОboom» жобасының аясында Красноармейка орта жалпы білім беру мектебінде 10 қазан күні «Қолданылған батареяларды және ПВХ өнімдерін жою» акциясы өткізілді. Оның мәні – қолданылған батареялар мен пластик өнімдерін дұрыс утилизациялауды көрсету, зиянды қалдықтардың табиғат пен адам денсаулығына тигізетін зиянын түсінуіне жағдай жасау. Оқушылар үйден қолданылған батареялар мен пластик бөтелкелерді әкеліп арнайы қоқыс жәшіктеріне тастады. Мұндай акциялардың оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға септігін тигізетініне сенімдіміз.
Директордың тәрбие ісі бойынша орынбасары Дана Мырзабекова.