image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

2017 жылдың қарашаның 16-17-жұлдызында Павлодар қаласының «Оқушылар сарайында» облыстық «Жаңартылған білім мазмұны бойынша» 3-сынып оқулықтары, 6-сынып және 8-сыныптарының оқулықтармен танысу, талдау үшін семинары өтті.

Бұл семинарда осы 6-сынып және 8-сыныптарының қазақ тілі мен әдебиеті  оқулықтармен танысып талдауға, яғни осы семинарға  Красноармейка орта жалпы білім беру мектебінен Нургалиева Маржан Жалеловна  екеуміз бардық. Маржан Жалеловна   6-сынып және

8-сыныптарының  қазақ әдебиет оқулықтармен танысып талдауға, барса,  мен   6-сынып және 8-сыныптарының қазақ тілі    оқулықтармен танысып талдауға бардым. Осы аталған семинарға Алматы «Атамұра»,  Алматы «Мектеп», «Арман-ПВ» баспаларынан басылып шыққан оқулықтардың авторлары кеп, өздері шығарған оқулықтарының құрылысы мен мазмұндарымен таныстырып шықты.  Алматы «Атамұра» баспасынын шыққан қазақ тілі оқулығының авторы Раева Гүлзат Мағауовна таныстырды. Әр авторлар өз оқулықтарын таныстырып болған соң Павлодар облысының әр түкпірінен келген қазақ тілінің майталмандары осы оқулықтардың кемшіліктері мен қателерін айтып, ұсыныстарымызды жазып бердік. Атап айтқанда жаңадан шыққан оқулықтарда жүйе жоқ. Тіпті ереженің өзі қате жазылған. Атап айтқанда, Алматы «Мектеп» баспасынан шыққан 8- қазақ сыныбына арнап шығарған  қазақ тілі оқулығының 6-бетінде «Көне түркі» жазбаларында қолданыста қалыптасқан «Руна жазуы» деген сөзді «Руникалық жазба» деп қате жазған. 144-бетте тілдік бағдар бойынша  ереженің өзінде айқындауышты анықтауыштың бір ерекше түрі деп көрсеткен. 146-бетте қосарлы айқындауыштың атауы «қосалқы» деген атаумен кеткен. Ал біріккен сөздерді бірге жазылатын сөздер деп берген жерлері де бар. Бір сөзбен айтқанда, әр баспаның авторларына әр қайсыларың жеке – жеке, бөлек-бөлек оқулық шығарғанша барлықтарыңыз бір ғана жүйелі, қатесіз, дұрыс оқулық шығарсаңыздар нұр үстіне нұр болар еді,- деп ұсыныстарымызды жазып бердік.

 

Красноармейка орта жалпы білім беру мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәндерінің мұғалімі Досымханов Қайыржан Байтемирович