image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

2021 – cиыр жылы тойланатын (мерекелік даталар, тарихи оқиғалар,тұлғалар өмірі)

Атам қазақтың «диірменнің тасындай, шыр айналған дүние-ай» дегені сияқты әуресі мен әлегі көп 2020-шы ақ Тышқан жылы да уақыттың терең қойнауына сіңді. Енді міне, ай мүйізін ақырын шайқап, 2021-ші Сиыр жылы ғаламның табалдырығын аттады. Қош келдің, кілегей сүті тіліне байланған Зеңгі баба түлігі.
Биыл «Тәуелсіздігіміз жария¬ланған 1991 жылғы 16 желтоқсан – ұлт шежіресінде алтын әріппен жазылған тарихи күн» деп Ел¬басы Нұрсұлтан Назарбаев айт¬қандай, елдігіміздің еңсесі тік¬теліп, шаңырағы көтерілген құт¬¬ты оқиғаға 30 жыл толатын аса маңызды дата. Яғни 2021 – Тәуел¬сіздігіміздің торқалы то¬йын атап өтетін тарихи жыл.
Одан кейін биыл ұлы ағар¬тушы-педагог Ыбырай Алтынса¬риннің туғанына 180 жыл толса, «Даланың бұлшық еті» атанған әйгілі балуан Қажымұқан баба¬мыз¬дың да 150 жылдығы ел көл嬬мінде атап өтілері хақ. Бұ¬лар¬дан басқа «халық үшін жү¬рек майын шам қылған» (С.Торай¬ғыров) алаш арыстары Әлихан Бөкейханның туғанына 155, Ахмет Бірімжановқа 150, Әлімхан Ермековке 130, Жақып Ақбаев¬қа 145 жыл толады екен.
Сондай-ақ, Кеңес дәуірінде қазақтан шыққан тұңғыш әскери қайраткер генерал-майор (1943) Шәкір Жексенбаев, ақын жазушы, аудармашы Қалмахан Әбдіқадыров (15 сәуір), әнші-сазгер, қазақ өнерінің майталма¬ны Манарбек Ержанов (8 нау¬рыз) қатарлы тұлғалардың туға¬ны¬на 120 жыл толса, композитор, музыка зерттеуші-педагог Ахмет Жұбанов, Қазақстаның халық әртісі, ескі Әнұран авторы Латиф Хамиди (17 шілде), қоғам қайраткері, биология ғы¬лы쬬дарының докторы Кәрім Мыңбаев (15 тамыз)
Сол сияқты биыл жалынды ақын Қасым Аманжолов (10 қазан), жазушылар Ғабдол Сла-нов (15 қыркүйек) пен Зейтін Ақы¬шовтың (18 сәуір) туғанына 110 жыл толса, Қазақстанның халық жазушы Хамит Ерғалиев (14 қазан), майдангер-жазушы Баубек Бұлқышев.
Бұлардан басқа 2021 жы¬лы атақты заңгер, академик Са¬лық Зиманов (19 ақпан), Қазақ-станның Халық жазушысы Тұр¬сынхан Әбдірахманова (5 қара¬ша), түркітану ғылымының не¬гізін қалаушы, филология ғы¬лы쬬¬дарының докторы Ғұбай¬до묬да Айдаровтардың (18 мау¬¬сым) 100 жылдық, даңғыл ақын Мұқағали Мақатаев (9 ақпан)
Осы айтулы даталармен тарихи тұлғалардың кейінгі ұрпаққа өшпес із қалдырып кеткен сарқылмас мұраларын жадыда сақтап жүргеніміз абзал.
А.А.Мухаметалина
Бастауыш сынып мұғалімі