image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

24 қаңтар ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

17 жыл бұрын (1996) Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» заң күші бар Жарлығы шықты. 91 жыл бұрын (1922) даниялық Кристиан Нельсон шоколадпен көмкерілген балмұздақ текшесіне патент алды. Ол оны «эскимо-пай» — эскимос бүктемесі деп атаған. Бірнеше онжылдықтар өтсе де бұл өнім бүкіл әлемде, соның ішінде Қазақстанда да балалар мен үлкендердің сүйікті тағамдарының біріне айналды. Қазақстандағы балмұздақ нарығы алуан түрлі, мұндай тәттінің дара көшбасшысы ретінде отандық Food Master компаниясын атауға болады, ал одан кейінгі орынды Ресейдің «Гулливер» фабрикасы иеленеді.

74 жыл бұрын (1939) Чилиде алапат жер сілкінісі болды. 50 мыңнан аса адам қаза тапты. Жер сілкінісі салдарынан Чильян қаласында үш-ақ ғимарат аман қалған

.        18 жыл бұрын (1995) Брюссельде болған кездесуде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев пен НАТО-ның Бас хатшысы Вили Клаес «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» бағдарламасы шеңберіндегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Дәл осы күні Брюссельде Қазақстанның Бенилюкс елдеріндегі елшілігінің ашылу салтанаты болып өтті. Оған Қазақстанның мемлекет басшысы және Бельгия королі отбасының мүшелері және үкімет адамдары, осы елде тіркелген басқа елдердің елшілері қатысты.

6 жыл бұрын (2007) халықаралық баспасөз орталығында «Жаңа Астана» жаңа қоғамдық ұйымының тұсаукесер рәсімі өтті. «Жаңа Астана» өзіне барлық қызмет саласының өкілдерін біріктіреді. Оған тұтынушылар қоғамының өкілдері, жастар ұйымдары, маслихат депутаттары, қоғам қайраткерлері мен кәсіпкерлер кіреді.

5 жыл бұрын (2008) Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің қабылдау үйінде сыртқы саясат ведомствосы бастығының бірінші орынбасары Андре Денисов Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың бұрынғы бас хатшысы Серік Пірімбетовке «Достық» орденін табыс етті. А. Денисов С.Пірімбетовтың бұл наградамен «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің арасындағы ықпалдастық үдерістерді дамытуға қосқан үлкен үлесі үшін» РФ Президенті В.Путиннің Жарлығымен марапатталып отырғанын атап көрсетті. С.Пірімбетов өз кезегінде осынау награда үшін алғысын білдірді және түрлі ықпалдастық бірлестіктер аясында Достастық елдерінің ынтымақтастығы әрі қарай дами түсетіндігіне сенім артты.

5 жыл бұрын (2008) Елімізде алғаш рет балалар үйі туралы жазылған кітап жарық көрді. Журналист Светлана Буратайдың «Айналайын» деген атпен шығарған туындысы Талдықорған қаласындағы балалар үйіне арналған. Кітап үш бөлiмнен тұрады. Бiрiншi бөлiмде осы шаңырақтың құрылу тарихы, сол үйде қызмет жасап жүрген тәрбиешiлер хақында айтылады.Екiншi бөлiмде балалардың ой-пiкiрлерi, басынан өткен деректi жағдайлар баяндалады. Соңғы бөлiмде балаларға арналған әңгiмелер, ойтамшылар орын алған. «Айналайын» кiтабы Алматы қаласындағы «Кiтап «Дәуiр» баспасынан 1000 данамен жарық көрдi.

5 жыл бұрын (2008) Көкшетауда «Бабалар аманаты» атты сегіз беттік, екі бояулы қазақ тіліндегі басылымның алғашқы саны жарық көрді. Жаңа басылымның құрылтайшысы «Қазақ тілі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Газеттің негізгі мақсаты мемлекеттік тілдің дамуы, қолданыс аясының кеңеюі, қазақ тіліндегі озық тәжірибелерді молынан насихаттау, тілдің тарихы мен мәдениеті, жас ғалымдар мен мамандарға жәрдем көрсету, ұлттық педагогика мен ұлттық психология, таным мен тәрбие, оқыту процесіндегі өзекті мәселелерді жүзеге асыру болып табылады. Сондай-ақ басылымдағы тіл мәселесі туралы толымды толғаныстар, әдістемелер, балғындар шығармашылығы кеңінен қамтылатын болады. Мұғалімдерге, ата-аналарға, жалпы көпшілік қауымға арналған газет еліміздің солтүстік өңіріне кеңінен таратылмақ. ЕСІМДЕР 95 жыл бұрын (1918-1944) композитор, Ұлы Отан соғысының ардагері БАЗАНОВ Әли Оразғұлұлы дүниеге келді. Ол 1932 жылы Мәскеу қаласында жұмысшы жастар факультетінде оқи жүріп, ішекті аспаптар оркестрін ұйымдастырған. 1935 жылы Мәскеу авиация институтына түскен. 1938-1941 жылдары Мәскеу консерваториясы жанынан ашылған Қазақ студиясының композиторлар бөлімінде оқыған. Ол «Жастар», «Бас алға, батырлар», «Ерлерім», «Ана толғауы», «Қызыл жалау», «Жәмила қарындас», т.б. әндер жазған. «Желсіз түнде жарық ай», «Кербез сұлу», «Ләйлім», т.б. әндерді фортепьяноға түсірген. Ә.Әбішевтің  «Қырағылық» драмасына музыка жазған.

70 жыл бұрын (1943) Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, Атырау қаласының құрметті азаматы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, техника ғылымының кандидаты БАТЫРБАЕВ Махамбет Демешұлы дүниеге келді. Атырау қаласында туған. Атырау мұнай техникумын бітірген. 1978-1991 жылдары — «Өзенмұнай» мұнай-газ өндірістік басқармасының бас геологы, басқарма бастығының орынбасары, бастығы. 1991-1992 жылдары — «Маңғышлақмұнай» өндірістік бірлестігі бас инженерінің орынбасары.1992-1994 жылдары — «Теңізмұнайгаз» өндірістік бірлестігінің бас директоры, «Мұнайгаз» холдингтік компаниясының басқарма бастығы, бірінші вице-президенті. 1994-1999 жылдары — «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамының президенті. 1999-2002 жылдары «Қазақойл-Ембі» ашық акционерлік қоғамының президенті — басқарма төрағасы. 2002-2006 жылдары «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының вице-президенті болған. «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы батыс аймағындағы өкілдігінің жетекшісі болды. «Құрмет», «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған.

114 жыл бұрын (1899-1967) геология-минералогия ғылымдарының  докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбегі сіңірген ғылым қайраткері, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты БОРУКАЕВ  Рамазан Асланбекұлы дүниеге келді. Ленинград тау-кен  институтын бітірген. 1931-1938 жылдары — Бозшакөл геология бөлімінің бастығы, Қазақ геология тресінің бас инженері, бастығы. 1938-1940 жылдары — КСРО Ғылым академиясының Қазақстан филиалы геология секторының меңгерушісі, геология-география бөлімінің бастығы. 1941 жылдан Қазақстан Ғылым академиясының Геология ғылымдар институты директорының орынбасары, директоры болды. Ол Қаныш Сәтбаевтің жақын әріптесі әрі көмекшісі болған. Борукаевтың негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстарының  бағыты Қазақстан палеозой эрасының тау жыныстарының стратиграфиясын, тектоникасын, палеогеографиясын және кен орындарын зерттеуге арналған. Ол Бозшакөл мыс-молибден кенін ашты. Оның басшылығымен хлорит, фосфорит, полиметалл және бірнеше көмір кені ашылды, сумен қамтамасыз ету мәселелері шешілді. Ғалым Қазақстанның әр түрлері масштабтағы геология картасының  авторы және редакторы болды. «Қызыл Жұлдыз» орденімен және медальдермен марапатталған.

94 жыл бұрын (1919-1992) актриса, әнші, Қазақстанның халық әртісі МҰСАБЕКОВА Әйкен дүниеге келді. Қарағанды қаласында туған. Мәскеу консерваториясының қазақ опера студиясында оқыды. 1937-1955 жылдары Қарағанды облыстық қазақ драма театрының құрамында қызмет етті. Алғашқы ойнаған рөлі — М.Әуезовтің «Түнгі сарын» драмасындағы Мөржан. 1956 жылдан Қазақ академиялық драма театрының құрамында актриса болды. Алғашында музыкалық спектакльдерге қатысып, Қыз Жібек, Ақжүніс (Е.Брусиловский «Қыз Жібек», «Ер Тарғын»), Айман (М.Әуезов «Айман — Шолпан») т.б. рөлдерін ойнады. Бұдан кейін драмалық спектакльдерде көптеген рөлдерді орындаумен көрермен ілтипатына бөленді. Ойнаған негізгі рөлдері қатарында Еңлік, Текті (М.Әуезов «Еңлік — Кебек», «Қарагөз»), Баян, Мәрзия (Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш — Баян сұлу», «Ақан сері — Ақтоқты»), Зәуре (Б.Майлин «Майдан»), Әйгерім (М.Әуезов, Л.Соболев «Абай»), Сымбат (Ә.Әбішев «Армандастар»), Айбарша (Ә.Тәжібаев «Майра»), Айша (Т.Ахтанов «Сәуле»), Тана (Қ.Сатыбалдин «Қабаған ит»), Шәрбәну (З.Шашкин «Ақын жүрегі»), Эмилия (У.Шекспир «Отелло») т.б. бар. 1958 жылдан киноға түскен. «Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған. 113 жыл бұрын (1900-1956) режиссер, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері ШТЕЙН Яков Соломонович дүниеге келді. Ресейдің Орынбор қаласында туған. 1943 жылдан Алматы қаласында тұрып, Орыстың мемлекеттік академия драма театрында режиссерлікпен айналысты. Ол орыс жазушыларының шығармалары бойынша көптеген спектакльдерді осы театр сахнасына шығарды. Олардың қатарында А.Толстойдың «Иван Грозный» мен «Азапты сапарда», В.Вишневскийдің «Ұмытылмас 1919 жыл», Лопе де Веганың «Құмыралы қыз», К.Треневтің «Любовь Яровая», А.Горькийдің «Егор Булычов және баскалар», А.Штейннің «Жеке іс», А.Степанов пен И.Поповтың «Порт-Артур», Ф.Достоевскийдің «Қорланғандар мен қор болғандар», т.б. пьесалар бар. Сондай-ақ Казақтың мемлекеттік академия драма театрында актер Қ.Бадыровпен бірлесіп, М.Әуезовтің «Қара қыпшақ Қобыланды» және Ә.Тәжібаевтың «Дубай Шубаевич» пьесаларын, Ш.Аймановпен бірге Әуезовтің «Абай» романын сахнаға шығарды. Н.Ановпен бірлесіп, «Жүрек әмірімен» атты пьесасын жазып, оны Орыс мемлекеттік академия драма театрында сахналады.

103 жыл бұрын (1910-1971) кеңес актері, режиссер, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі ТУТЫШКИН Андрей Петрович дүниеге келді. Молдова Республикасының Кишинев қаласында туған. 1930 жылы Е.Вахтангов атындағы Мәскеу театры жанындағы мектепті бітіріп, осы театрда 20 жылдан астам уақыт актер және режиссер болып жұмыс істеген. Сонымен қатар Ленинград музыкалық комедия театрының көркемдік жетекшісі, Лениндік комсомол атындағы Ленинград театрының бас режиссері болған. «Волга-Волга», «Девушка с характером», «Сердца четырех», Карнавальная ночь», «Взрослые дети» атты фильмдерде комедиялық рөлдерді сомдаған. «Мы с вами где-то встречались» комедиясын қойып, «Вольный ветер», «Свадьба в Малиновке» атты оперетталарды экранға шығарған.

68 жыл бұрын (1946)»Атамекен» одағы» халықаралық байланыстар департаментінің директоры,  физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент ДВОРЕЦКИЙ Владимир Яковлевич дүниеге келді. Болгарияның София қаласында туған. В.В.Куйбышев атындағы Томск мемлекеттік университетін және аспирантурасын бітірген. 1983-1992 жылдары — Павлодар индустральдық институтының оқытушысы, доценті, физика кафедрасының меңгерушісі. 1992-1999 жылдары — «Спектр» ЖШС-інің, «Спектр Лтд.» ЖШС-інің бас директоры, «Новый ЦУМ» ЖШС-і ұйымдастырушылар кеңесінің төрағасы. 1999-2004 жылдары — ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және аймақтық даму жөніндегі комитетінің хатшысы болды. 2004 жылдан «Қайталама металлургия өнеркәсіпшілерінің республикалық одағы» қауымдастығының төрағасы. 2005 жылдан — «Атамекен» Одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы Атқарушы директорының орынбасары қызметін атқаруда. «Құрмет» орденімен және медальдармен марапатталған

62 жыл бұрын (1951) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері АСҚАРОВ Әлібек Асылбайұлы дүниеге келді. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,  Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданында туған. Алматы көркемсурет училищесін, Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1975-1986 жылдары «Білім және еңбек» (қазіргі Зерде) журналының көркемдеуші редакторы, әдеби қызметкері, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысы болған. 1986-1991 жылдары — «Өнер» баспасының бас редакторы, 1991-1993 жылдары — Қазақстан Республикасы Президенті мен Министрлер Кабинеті Аппараты ішкі саясат бөлімінің аға референті. 1993-2003 жылдары — Қазақстан Республикасы Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрінің орынбасары, бірінші орынбасары болған. 1997-2003 жылдары — Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мемлекеттік баспа бағдарламаларын ұйымдастыру департаментінің директоры. 2003-2005 жылдары — Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігі Баспа және полиграфия департаментінің директоры, Минск қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер  Достастығы елдерінің Мерзімді басылымдар, кітап басу ісі, және полиграфия саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Халықаралық Кеңестің төрағасы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат  бөлімінің сектор меңгерушісі,  бас инспекторы қызметтерін атқарған. 2005 жылдан бастап — қазіргі қызметінде. «Құтмекен», «Тайга толғауы», «Жасыл әлемге саяхат», «Ерте түскен бозқырау», «Ағалардың әзілі, құрдастардың қалжыңы», «Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді», «Родники рождаются в горах», «Мұнар тауды, мұзарт шыңды аңсаймын», «Назеркеге хат», «Скрип соленого сердца», «Социализм әңгімелері», «Социализм хикаяты», «Стон дикой долины», «Кешегі күннің хикаясы», «Шабанбайдай жер қайда», «И смех, и слезы, и любовь…», «АЛТАЙ-алтын бесік, ата жұрт», «Надейся и жди!», «Көңілдің көк дөнені»  атты кітаптары жарық көрген. Медальдармен марапатталған. 47 жыл бұрын (1966) Атырау облысы әкімінің орынбасары ӘЖІҒАЛИЕВА Айгүл Теміртасқызы дүниеге келді. Атырау облысында туған. Целиноград қаласының Қаржы-экономикалық техникумын, Алматы халық шаруашылық институтын (Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті) бітірген. 1985 жылы Атырау облыстық қаржы бөлімінде кадр жұмысы бойынша аға инспекторы лауазымынан бастап, кейіннен Атырау облыстық Қаржы басқармасында түрлі басқарушылық лауазымдарда қызметтер атқарды. 2005-2010 жылдары Атырау облыстық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы директорының орынбасары, басқарма бастығы қызметтерін атқарған. 2010 жылдың маусым айынан — қазіргі қызметінде. 30 жыл бұрын (1983) ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі ЕСКЕНДІРОВ Абай Мұқашұлы дүниеге келді. Жамбыл облысының Тараз қаласында туған. 2003 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін «заң» мамандығы бойынша тәмамдаған және 2004-2005 жж. Oxford Brookes University «Халықаралық құқық магистрі» және «Халықаралық басқару магистрі» біліктілігі бойынша аяқтаған. 2005 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаментінде қызмет атқарған. 2006 жылдан 2007 жылға дейін «Қазына» Тұрақты Даму Қоры» АҚ жүйелі жобалар, корпоративтік даму департаменттерінің директоры, инвестициялар бойынша департаменттің директоры, басқарушы директор қызметтерін атқарған. 2008 жылдың сәуірі мен тамызы аралығында Қазақстан Республикасы президенті Әкімшілігінің орталығы меңгерушісінің орынбасары қызметінде болған. 2008 жылдың қарашасынан 2011 жылдың сәуіріне дейін «Самұрық-Қазына» Ұлттық Әл-ауқат қоры» АҚ Басқарушы директоры қызметін атқарған. 2011 жылдың 17 мамырында Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда вице-министрі болып тағайындалды. «Құрмет» орденімен марапатталған. 97 жыл бұрын (1916-2009) Венесуэланың 1969-1974 және 1994-1999 жылдардағы 41-ші президенті  Рафаэль Антонио Кальдера РОДРИГЕС дүниеге келді. 71 жыл бұрын (1942-1997) кеңестік эстпарада әншісі ОБОДЗИНСКИЙ Валерий Владимирович дүниеге келді. 52 жыл бұрын (1961) неміс және американ актрисасы Настасья КИНСКИ дүниеге келді.


Тулемисов
Қанат Талипович