image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

26 ақпан. атаулы күндер, оқиғалар, есімдер

2018 жылғы 26 ақпан

26 ақпан, дүйсенбі Кувейтті азат ету күні Бұл 1991 жылдың 24-28 ақпан күндері әскери операция кезінде  Кувейтті азат етуіне орай жыл сайын тойланатын мереке. Сондай-ақ бұл күн аталған әскери шабуылдар кезінде қаза тапқан жауынгерлер мен бейбіт тұрғындарды еске алу күні болып табылады. Айта кетерлігі, Кувейтті азат ету операциясы Парсы шығанағында Кувейт пен Ирак арасында 7 айға созылды. Кувейтті коалиция — АҚШ, Ұлыбритания, Сауд Арабиясы, Мысыр және тағы басқа елдер қолдады. Қожалы құрбандарын еске алу күні Бұл — 1992 жылдың 25-26 ақпандағы түнгі оқиғаға, атап айтқанда Қожалы қаласын басып қалғанға орай белгіленген қаралы дата. Қожалы қасіреті таулы Қарабахтағы қақтығыста ең қатыгез әрі көп қан төгілген  қаралы оқиға болып саналады. 1992 жылдың 6 қаңтарында таулы Қарабах Республикасы өзінің тәуелсіздігін жариялаған болатын. Дәл осы жаңалық аталмыш трагедияға әкеліп соқты. Сондай-ақ бұл күн Қожалы геноциді деп те аталады.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР 1993 жылы ел шекарасының бүтіндігін нақтылайтын «Қазақстан Республикасының мемлекеттің шекарасы туралы» Заң күшіне енді. 1999 жылы Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан,Тәжікстан және Ресей  Кедендік одақ  және Бірыңғай эконмикалық кеңістік туралы келісімге қол қойды. 2005 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында Шоқан Уәлиханов пен Федор Достоевскийге арналған ескерткіш тақталарын ашты. Барельефті Қазақстанның еңбек сіңірген сәулетшісі Азат Боярлин жасады. Барельеф Астанада «Өнер» ЖШС-де жасалды. Биіктігі 1,5 метр, ал ені 2,5 метр. Барельефтің мүсіндік бөлігі салмағы 500 келі қоладан, ал мәтіндік бөлігі салмағы 400 келі граниттен жасалған. 2007 жылы Көкшетауда Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап кітапханасында ақпараттық-библиографиялық бөлімнің ұйымдастыруымен «Алтын Арқа-мәдени мұра» атты алғашқы CD-ROM-дискісінің тұсаукесері болды. «Мәдени мұра» республикалық бағдарламасы аясында жарық көрген дискі 4 бөлімнен тұрады. Онда өңірдің суырыпсалма айтыс ақындары, ақын-жазушылар, орындаушылар, жас таланттар, композиторлар, көркемөнерпаздар ұжымдары жайында мол мағлұмат беретін 115 анықтамалық шығармашылық деректер қамтылған. 2008 жылы Нью-Йоркте Колумбия университеті Гарриман институтының профессоры Рафис Абазовтың «Орталық Азияның тарихи атласы» деп аталатын жаңа жұмысының таныстырылымы өтті. Бұл кітап алғашқы орталықазиялық мемлекеттер (Соғды, Бактрия, Хорезм) құрылғаннан бастап, Ескендір Зұлқарнайын шабуылдарының дәуірі мен қазіргі кезеңге, құбырлар құрылыстары мен аймақ республикаларының халықаралық лаңкестікпен күреске атсалысуы кезеңі аралығын қамтыған тарихи шолу болып табылады. 2008 жылы Павлодар облысының Қашыр аудан орталығында «Нас породнила качирская земля» атты жинақтың таныстырылымы болды. Кітаптың жетпіс бетінде мұрағат құжаттары, суреттер және аймақтың әлеуметтік инфақұрылымына және ауыл шаруашылығының дамуына өз еңбектерін қосқан ардагерлердің естеліктері жарияланған. Өткен ғасырдың 70-80 жылдары облыстың үздік аудандарының бірі болды. Мұнда егін егіп, жаңа агротехникалық әдістерді қолданды, мал шаруашылығында жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Аудан орталығында мектептер, медициналық мекемелер, мәдениет үйлері және кітапханалар салынды. 2009 жылы Алматыда режиссер Константин Харалампидистің «Алатаудың киелі биігі» деген деректі фильмін таныстыруға арналған баспасөз мәслихаты өтті. «Алатаудың киелі биігі» фильмі қиын-қыстау замандарда отандарынан ықтиярсыз Қазақстанға айдалған адамдар үшін қазақ халқының бауырмалдығы, олардың жәрдемі үлкен қуат берді. Фильмнің идеясы да өзге діндегі, өзге ұлтты адамдар арасындағы бейбітшілік пен келісімді паш етуді көздейді. 2009 жылы Алматыда «Еуразиялық сауда жүйесі» тауар биржасы» АҚ тұңғыш рет он-лайн жүйесінде астықтың биржалық саудасын өткізді. Шара халықаралық астық конференциясының аясында өтті. 2010 жылы Алматыда Қаныш Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да қазақстандық кәсіпорындар мен «Шнейдер Электрик» ЖШС француз компаниясының қатысуымен энергетика, электротехника және автоматтандырылған жүйелерге техникалық қызмет көрсету саласында мамандар даярлау жөнінде алғашқы Қазақстан-Француз орталығын құру туралы келісімге қол қойды. 2010 жылы Мәскеуде Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетінің 48 отырысы және Кедендік одақ комиссиясының 14-ші отырысы өтті.  Интеграциялық комитеттің мәжілісінде Кедендік одақты қалыптастыру мен ЕурАзЭҚ аясында еркін экономикалық аймақ құруға қатысты мәселелер талқыланып, олар бойынша тиісті шешім қабылданды. Кедендік одақ комиссиясының отырысында алдын ала келісілген мемлекеттік бақылауларды Кедендік одақтың сыртқы шекараларына шығару, тауарларды импорттау мен экспорттау кезіндегі жанама салықтарды салу ұстанымдарына қатысты келісімді жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар зияткерлік меншікті қорғауға қатысты бірлескен шаралардың жайы қаралды. 2010 жылы Қазақстанда энергетика, электротехника және автоматтандырылған жүйелерге техникалық қызмет көрсету саласында мамандар дайындауға арналған Қазақ-Француз орталығы ашылады. Орталық «Шнайдер Электрик» компаниясы жеткізген заманауи техникалармен, зертханалармен жарақтандырылды. 2011 жылы «Қазақстан» ұлттық арнасында ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Қазақтың 100 әні» тележобасы басталды. 2011 жылы ҚР Ұлттық банкі «Ұлы көшбасшылар» сериясымен 100 теңгелік «Тұмар» күміс тиындары мен «Жойылып бара жатқан жануарлар» сериясымен 100 теңгелік гауһар тастары бар «Қарақал» тиындарын шығарды. 2012 жылы К.Байсейітова атындағы опера және балет театрында Жак Оффенбахтың «Гофман ертегілері» операсының премьерасы өтті. 2013 жылы Қытайдағы Қазақстанның елшісі Нұрлан Ермекбаев Боаолық Азиялық форумының Хатшылығынан ҚР Президенті Н.Назарбаевты  БАФ 12 сессиясына қатысу туралы шақырту алды.   2013 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Кенжеғали Сағадиев» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Кітапқа ғалымның өмірбаяндық деректері мен жариялымдары және ғылыми мақалалары енген.   2014 жылы Қазақстан Кирибати және Вануату елдерімен дипломатиялық қатынастар орнатты. Нью-Йоркте БҰҰ жанындағы Қазақстан мен Кирибатидің тұрақты өкілдері Қайрат Әбдірахманов пен Макурита Бааро екі мемлекет арасында дипломатиялық қатынастар орнату туралы бірлескен коммюникеге қол қойған. Кездесу кезінде Қазақстан мен Кирибати үшін қызғушылық туғызатын екіжақты деңгейдегі ынтымақтастық перспективалары және БҰҰ-ның күн тәртібіндегі маңызды мәселелер бойынша пікір алысылды. Олардың арасында теңізге шығатын жолы жоқ елдердің, шағын аралдық мемлекеттердің проблемаларын шешу, Орнықты даму мақсаттарын пысықтау, қоршаған ортаны қорғау сияқты мәселелер қаралды. 2014 жылы Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университет әлемдегі үздік 50 ЖОО-лар қатарына енді. Жалпы «QS Top 50 under 50» рейтингісінің тізімінде Гонконг, Сингапур, Оңтүстік Корея, Малайзия, АҚШ, Испания және т.б елдердің ЖОО-лары бар. 2014 жылы Алматыда ҚР Ұлттық кітапханасында «Дін мен дәстүр» кітабының тұсаукесері өтті. Оның жарыққа шығуына Қазақстанның Бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы ұйытқы болған. 2014 жылы «Қазақстан Халық банкі» АҚ Қазақстандағы HSBC еншілес ұйымының 100 пайыз акциясын сатып алды. 2014 жылы Италияның Тренто қаласында орналасқан аэронавтика мұражайында Қазақстан елшілігі «Vox Populi» ғылыми-зерттеу орталығы және «Гордиев Узел» геосаяси орталығымен бірлесе отырып, «Байқоңырдан жұлдыздарға дейін» монографиясының тұсаукесерін өткізді. 2014 жылы Батыс Қазақстан облысында тұратын Курск шайқасының ардагері Жұмат Сәрсенбиевке Курск шайқасының 70 жылдығына арналған мерейтойлық медаль тапсырылды. 2015 жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің және «Қазагро» ҰБХ» АҚ-ның ресми қолдауымен «Казагромаркетинг» АҚ-ы «RIXOS President Astana» қонайүйінде «KAZGRAIN’2015» VII Қазақстандық астық форумы өтті. 2015 жылы «Ел тарихындағы Қазақстан халқы ассамблеясы» және «Қазақстан халқы ассамблеясы: екі онжылдық тарихы» кітабы жарыққа шықты.  2015 жылы Атырауда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне орайластырылып құрылған «Атырау коммуникациялар қызметі» жұмысына кірісті. 2016 жылы Қазақстанда замануи талаптарға сай келетін  ТЭП33A тепловоздары шығарыла бастады. 2017 жылы Швейцариядағы ғылыми-зерттеу институтының директоры Алин Варе ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен «АТОМ» жобасының құрметті елшісі, суретші Кәріпбек Күйіковті Нобель силығына ұсынды. 2017 жылы Жапонияның Саппоро қаласында VІІІ қысқы Азия орындарының ресми жабылуы өтті. Қазақстан құрамасы 32 медальмен жалпы есепте төртінші орынға табан тіреді. 1685 жылы Швеция мен Дания бейбітшілік туралы келісімге келді. Ол 1657-1658 жылдардағы швеция-даниялық соғысқа нүкте қойды. 1794 жылы Францияда революция жауларының жеке мүлігін тәркілеу туралы декрет жарияланды. 1832 жылы Польша өзінің армиясынан айырылып, Ресей империясының қол астына өтті. 1896 жылы Анри Беккерель уранның сынама белгісі фотопленканы ағартып жіберетінін анықтады. 1917 жылы Нью-Йорктің «Victor» фирмасының студиясында алғашқы джаз грампластикасы жазылды. 1919 жылы АҚШ-тың  Аризона штатында Гранд-Каньон ұлттық паркі ашылды. 1935 жылы шотланд физигі Роберт Ватсон-Ватт алғашқы радарлардың бірін таныстырды. Радарларды кеңінен пайдалану үрдісі 1930-1940 жылдардың басында қалыптасты. 1954 жылы АҚШ-та фототеру типографиялық машинасы пайда болды. 1970 жылы Pontiac Firebird автокөліктерінің екінші кезеңі шығарыла бастады. 1993 жылы Нью-Йорктегі Бүкіләлемдік сауда орталығының жертөлесіндегі көліктер тұрағында 680 келі жарылғышы  бар жүк көлігі жарылды. 1995 жылы әлемдегі көне қаржы институтының бірі — ағылшынның «Barings Bank» банкі дағдарысқа ұшырады. Банктің сингапурлық бөлімшесінің бастығы Ника Лисонның заңсыз әрекетінен король отбасының мүшелері 1,3 млрд доллар қаржысынан айырылды. 2001 жылы Ауғанстанда Будданың тас мүсіндері түгелімен жойылды. «Талибан» қозғалысының  негізін қалаушы Молла Мұхаммад Омар тасқа табынуға түбегейлі қарсы болып, елдің басшысы болып сайланғанда, исламға қайшы келетін тас мүсіндерді жою туралы қаулы қабылдады. 2004 жылы Македония Республикасының Президенті Борис Трайковский мен оның отбасы әуе апатынан қаза тапты. 2011 жылы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Муаммар Каддафиге қатысты санкциясы мен Ливия халқына көмектесу туралы  қарары қабылданды.   2013 жылы Мысырда Луксор қаласында әуе шары құлады. Әуе шары 300 метр биіктікте өртеніп, шар себеті жерге құлаған. 19 адам қаза тапты. Бір турист пен әуе шарын басқарушы аман қалды ЕСІМДЕР 65 жыл бұрын (1953) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты ӘЙТІМОВА Бірғаным дүниеге келді. Батыс Қазақстан облысында туған. Орал педагогикалық институтын, Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Орта мектептің оқытушысы, кеңшар комсомол комитетінің хатшысы, Орал облыстық комсомол комитетінің сектор, бөлім меңгерушісі, қалалық, облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы қызметтерін атқарған. 1990-1993 жылдары — Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы. 1993-1996 жылдары — Қазақстан Республикасы Жастар ісі, туризм және спорт министрі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі. 1996-2002 жылдары — Қазақстан Республикасының Израильдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2002-2004 жылдары — Қазақстан Республикасының Италиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Грекиядағы, Мальтадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарушы. 2004-2007 жылдары — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Білім және ғылым министрі. «Құрмет», «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған. 38 жыл бұрын (1980) ауыр атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионы, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, әлем рекордшысы ХРОМОВА Татьяна дүниеге келді. Ол — Өзбекстанда туған. Халықаралық қазақ-түрік университетін бітірген. Ауыр атлетикамен 1996 жылдан бері айналысып келеді. Жаттықтырушысы — Ю.Мельников. 2001 жылы Түркияның Анталья қаласында өткен әлем біріншілігіне қатысып, 5-ші орынға ие болды. 2000-2002 жылдар аралығында Жапониядағы Азия біріншілігінің қола жүлдегері. Катар елінде өткен Әлем кубогының иегері атанып, Сиднейде өткен Олимпиада ойындарына қатысқан. 2003 жылы Мәскеудегі ауыр атлетикадан өткен арнайы турнирдің жеңімпазы атанған. 2004 жылы — Азия чемпионы (Алматы), 77 кг салмақта 120 кг-ды жұлқи көтеруден әлем рекордын жаңартқан, Афинада өткен Олимпиада ойындарына қатысып, 6-орынға ие болған. 53 жыл бұрын ҚР Жоғарғы сотының қылмыстық істер бойынша сот алқасының төрағасы РАХМЕТУЛЛИН Абай Жамбылұлы дүниеге келді. Омбы облысында (РФ) дүниеге келген. С.М Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, заңгер мамандығы бойынша бітірген. (1990) Еңбек жолы: Көкшетау облыстық адвокаттар алқасының стажері, заң кеңесшісі, Көкшетау облысы әділет департаментінің жетекші маманы; судья, төраға орынбасары, Көкшетау қалалық сотының төрағасы (1990-2002); Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер бөлімінің төрағасы (2002-2004); Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы (2004-2007 жж.); Қазақстан Республикасы Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы. (2007-2012 жж.); Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы (2012-2015 жж.); Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы кеңесінің төрағасы (2015-2016). Қазіргі лауазымында — 2016 жылдың қаңтар айынан бастап. 45 жыл бұрын (1973) «Қазгидромет» РМК экологиялық сұрақтар және даму бойынша бас директорының орынбасары СҰЛТАНОВ Нұркен Қайырбекұлы дүниеге келді. Екі жоғары  білімі бар. 1977 жылы Петропавл педагогикалық институтын, 2002 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін  бітірді. Еңбек қызметін 1996 жылы  бастады. Астана қ. Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінің жетекші  маманы, Астана қ. ҰҚК  «Алтын Әскер» РМК өндірістік бөлімнің бастығы,  Астана қ. «PULSAR NS» ЖШС директоры. «Қазгидромет» РМК жүйесінде 2007 жылдан бастап, Гидрология орталығының директоры, Гидрометеорологиялық және экологиялық қызметтерді дамыту департаментінің директоры, Гидрометқамсыздандыру басқармасының директоры ретінде жұмыс істеді. 189 жыл бұрын (1829-1902) америкалық өнеркәсіпші, американдық джинси киімін ойлап тапқан өнертапқыш Леви СТРАУСС дүниеге келді. 68 жыл бұрын (1950) Лейбористік партияның көшбасшысы, Жаңа Зеландияның 37-ші премьер-министрі  (1999-2008) Хелен Элизабет КЛАРК дүниеге келді. 64 жыл бұрын (1954) Түрік саяси және мемлекет қайраткері, Түркияның президенті Реджеп Тайып ЕРДОҒАН дүниеге келді.

 

Досымханов Қ.Б.